Қызмет

On-line кітапты ұзарту


Электронды анықтама


Құжаттарды электронды жеткізу


Құжаттарды электронды жеткізу дегеніміз не?

Құжаттарды элекронды жеткізу (ҚЭЖ) – сайт арқылы «Саран қ.ОКЖ» кітапханалар қорынан құжаттың (газет, журнал мақалаларын, кітап үзінділерін) электронды түріндегі көшірмесін алуға тапсырыс беру немесе көшірмені алу мүмкіндігі.

Тапсырыс беруге болатын құжаттар:

• көлемі 10 беттен аспайтын журнал мақаласынан үзінді (фрагмент);
• газет мақаласынан үзінді;
• көлемі 10 беттен аспайтын кітаптардан үзінді;
• «Әділет» мәліметтер базасынан нормативті-құқықтық ақпарат;
• тақырыптық библиографиялық тізімдер.

Тапсырыстың орындалу мерзімі

ҚЭЖ тапсырыстар кітапхананың жұмыс күндерінде қабылданып, тапсырыстың күрделілігіне байланысты 1-3 жұмыс күн ішінде орындалады.

Қажетті құжатқа тапсырыс орналастыру

1. қолданушыға қажет құжаттың бар болуын Виртуалды анықтама немесе кітапханалардың байланыс телефондары арқылы тексеріп алу ;
2. тапсырыс бланкінің электронды түрін толтыру және электронды поштаға жіберу немесе кітапхананың байланыс телефонына қоңырау шалу (Филиалдар, Бөлімдер тарау.қар).

ҚЭЖ технологиясы

• құжаттың көшірмесіне тапсырыс алу;
• тапсырысты өңдеу;
• құжат көшірмесін жасау;
• электронды пошта арқылы құжат көшірмесін жеткізу.

Егер жұмыс күні берілген тапсырыс болса, Сіз бірнеше сағат ішінде тапсырысыңыздың қабылданғаны, қабылданбағаны немесе нақтылануы туралы, сонымен қатар тапсырыстың орындалу мерзімі мен ерекшеліктері туралы мәлімет аласыз.
Егер Сізге тапсырыстың орындалу мерзімі ұнамаса және Сіз тапсырыс жасамауды ұйғарсаңыз, ол жайлы бізге хабарлауыңызды сұраймыз.

Тапсырыс бойынша жасалған құжатты алу

Тапсырыс бойынша жасалған құжаттың электронды көшірмесі электронды поштамен жіберіледі. Көшірмелер компьютерден оқуға ұсынылады.

ҚЭЖ қызметінің орындалмауына негіз:

• Кітапхана қорында құжаттың болмауы.
• Тапсырыстың ҚЭЖ туралы Ережесіне сәйкес келмеуі.

Назар аударыңыз! Алынған басылымдардың электронды көшірмелерін ғылыми, мәдени және ағарту мақсаттарында ғана қолдануға рұқсат етіледі. Алынған көшірмелерді тираждауға, заң бойынша рұқсат етілген түрінен басқа (электронды құжатты бір мәрте басып шығару) өзге түрде басып шығаруға, алынған көшірмелерді кез келген негізде бөгде адамдарға немесе мекемелерге беруге тыйым салынады.

 


Келулердің саны: 20746