Саран қаласының орталық кітапхана жүйесінің тарихы
Әрбір істің өз тамыры, тарихы, аты бар. Қаламыздың кітапхана ісінің тарихы 1952 жылдан бастау алады.
Сол жылдары Финский кенті аймағында орналасқан №105 байыту фабрикасы кеншілер клубының ғимаратында кітап қорында 15 мың дана кітабы бар алғашқы кітапхана ашылды. Кітапхана басшысы Зинаида Михайловна Скачедубова болды. Кітапхана 1962 жылы Гастелло көшесіне (Финский к.) көшірілді. Меңгірушісі – Елизавета Борисовна Свиридова. Кітапхана 1972-1973 жылдары Абай көшесі, 11-үйге көшірілді. 1975 жылы Орталық қалалаық кітапхана мәртебесін алды. 1980 жылы РТӨ ауданындағы жаңа ғимаратқа көшірілді.
1956 жылдың 20-шілдесінде өз оқырмандарына Ақтас кеншілер кентінің тұрғын үйлерінің бірінде алғашқы кітапхана есігін ашты. Бұл кітапхана Қарағанды қаласының №8 кітапханасы деп аталды. 1956-1961 жылдар аралығында кітапхана меңгерушісі – Людмила Никитична Докукина. 1966 жылы Ақтас кентін Саран қаласына қосу кезінде аталмыш кітапхана №2 қалалық кітапхана болып өзгертілді. 1961-1976 жылдары кітапхана меңгерушісі Татьяна Трофимовна Мамонтова-Трофимова болды. 1975 жылы кітапханаларды орталықтандыру кезінде бұл кітапхана Саран ОКЖ-нің №2 кітапхана бөлімшесі болып өзгертілді. 1976-1989 жылдар аралығында кітапхана меңгерушісі Анна Михайловна Хузахметова болды. Әр жылдары кітапхана жанашырлары және оқырмандары болған атақты тұлғалар:
- жазушы Михаил Ефимович Зуев-Ордынец, Ақтас к. 11 жыл тұрып, өзінің «Вторая весна» повесін жазды. Кітапханашылар Михаил Ефимович өзінің шын досы Л.Н.Докукинаға сыйлыққа тарту еткен кітап стеллажын әлі күнге дейін аялап сақтап келеді.
- ақын Павел Васильевтің жұбайы Елена Александровна;
- облыстық және қалалық газеттердің штаттан тыс корреспонденті Александр Рейн;
- жазушы, жазушылар Одағының мүшесі Семен Фомич Аскинадзе;
- атақты өлкетанушы Юрий Григорьевич Попов, Қарағанды және Қарағанды облысы туралы көптеген кітаптардың авторы.
Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Вячина Нина Федоровна, Виноградова Зоя Александровна, Кирпичникова-Гизбрехт Елена Владимировна, Павловская Ольга Павловна, Шелестий Тамара Эрнстовна.
Камкарьер аймағында 1957 жылы №3 кітапхана ашылды. 1972 жылы кітапхана қалаға қаратылып, Гастелло көшесі бойында орналасқан №1 кітапхана көшірілді.
Кітапхана меңгерушісі – Элла Александровна Финк. 1972-1973 ж.ж. кітапхана 1 «А» ықшам ауданындағы №25 үйге көшірілді. Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Ортнер Лидия Степановна, Шурдумова Валентина, Филимончик Тамара, Кох-Минкина Валентина Анатольевна.
1959 ж. Дубовка кентінде №4 кітапхана ашылды. 1980 ж. кітапхана Абай көшесі, 11, мекен-жайына көшірілді. Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Кирьянчук Елена, Хон Алла Константиновна, Кох-Минкина Валентина Анатольевна, Гофман Роза, Акатьева Нина Матвеевна, Пустовалова Любовь Леонтьевна, Малкова Нина Тимофеевна.
1967 жылдың жазында Ақтас кентіндегі бұрынғы «Солнышко» балалар клубының ғимаратында №2 балалар кітапханасы ашылды. Кітапхананы ашқан –Елена Владимировна Кирпичникова. 1969 жылдың қаңтарында кітапхана Привольная, 68 мекен-жайына көшірілді. 1967 жылдың желтоқсанынан 1997 жылдың қаңтарына дейін кітапхана меңгерушісі Галина Павловна Бельская болды. Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Фельзинг Эмилия Ивановна, Докукина Людмила Никитична.
1969 жылы 5-орам аймағында, Комитерн көшесі, 7-үйде № 5 кітапхана ашылды. Меңгерушісі – Любовь Леонтьевна Пустовалова.
Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Нечаева-Калинина Тамара Владимировна, Ципелева Лидия Симоновна, Кох-Перова Любовь Анатольевна, Бедевкина Галина Ивановна, Штукерт Светлана Викторовна.
1970 жылы автобаза орналасқан аймақта №6 кітапхана ашылды. Меңгерушісі –Любовь Андреевна Сафонова. Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Баклажанская Татьяна, Реванова Тамара Геннадьевна.
1971 жылы Ақтас кенттік Кеңес ғимаратында №7 кітапхана ашылды.
Кітапхана меңгерушісі – Зоя Александровна Виноградова. 1974 ж. кітапхана Привольная к. мекен жайына көшірілді. Орталықтандырылғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Штерле-Шелестий Тамара Эрнстовна, Филимончик Тамара. 1983 - 1992 жж. кітапхна меңгерушісі- Людмила Александровна Сироткина-Клюева.
1972 ж. Бұл жылы РТӨ ықшам ауданы, 6-үйде №3 балалар кітапханасы ашылды. Кітапхана меңгерушісі –Лидия Симоновна Ципелева. Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: В.А. Сокурова., Светлана Викторовна Штукерт.
1974 жыл., РТӨ кент. ауданы. №8 кітапхана ашылды. Кітапхана меңгерушісі –Любовь Андреевна Сафонова. Кітапханада жұмыс істегендер: Ортнер Лидия Степановна, Перова Любовь Анатольевна, Аришина Надежда Ивановна, Политанская Александра Станиславовна.
1964 жыл. Жамбыл к. 67-үй мекен-жайында №1 алғашқы балалар кітапханасы ашылды.
1964 - 1988 жж. кітапхана меңгерушісі –Лидия Алексеевна Амелина. Кітапхана 1975 ж. Орталық балалар кітапханасы мәртебесін алды.
1960 -1970 жылдар аралығында Саран және Актаста 9 кітапхана ашылды, осылайша, Саран қаласы мен Ақтас кентінің әрбір ауданында өз кітапханасы болды.
1974 ж. елдегі кітапханалар тағдырын шешекен КОКП ОК «Еңбекшілердің коммунистік тәрбиесі және ғылыми –техникалық прогрессте кітапхана рөлінің артуы» туралы қаулысы шықты. Қаулыда 1980 жылдардың аяғына дейін мемлекеттік бұқаралық кітапханаларды орталықтандырылған кітапхана жүйесіне біріктіру қарастырылды. Бұл уақытқа дейін біздің қаламызда қалалық мәдениет бөлімінде 10 кітапхана болды.
1975 жылы біз Қарағанды облысы бойынша Орталық қалалық кітапхананы басшылыққа ала отырып, 11 бұқаралық кітапхананы бір жүйеге біріктірген эксперименттік база болдық.
Бұл Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұжымының құрылған кезі болатын. ОКЖ тұңғыш директоры Елизавета Борисовна Свиридова болды. Ол бірнеше ерен мамандарды дайындап, оларға кітапты, оқырманын, өз мамандығын сүюді үйретіп, осы кітап ордасына өз өмірін арнады. Ол қаланың ғана емес, облыстың құрметті адамы болды.
Орталықтандырылған кезден бастап, осы уақытқа дейін жұмыс істегендер, сол кездерді ерекше бір аңсаумен еске алады. Ол кездер керемет толықтырмалар кезі еді (кітапхана айына екі рет жаңа кітаптармен толықтырылатын). Ол кезде оқырмандар кітапханаға мерзімді басылымдарды қарап, арқасын кенге салып, дем алып, бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін келетін. Жаңа кітаптарға қол жеткізу үшін кезекте тұратын.
Толымдау бөлімінің қажырлы еңбегінің арқасында ОКЖ сол кезде де аз болмаған кітап қорының бірыңғай каталогі жасалды.
Орталықтандыру жұмыс жағдайын едәуір өзгертті: әр кітапхананың мүмкіндіктері кеңейтілді, керек-жарақтар мен материалды ресурстар үнемді және орынды қолданылды, кітап қорының құрылымдық сапасы айтарлықтай өзгерді, оқырмандармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері тиімділігін артты, кадрлардың біліктілігін арттыру келешектен зор үміт күттірді.
Сол кездерде кітапханалардың кітапханааралық жүйе бойынша Кеңес Одағының кез келген қаласынан кітаптар мен журнал мақалаларына тапсырыс беріп алғызуға мүмкіндіктері болды. Бұл оқырман студерттер үшін өте ыңғайлы болатын.
Сол кезде еліміздің басты кітапханасы Ленин атындағы мемлекеттік кітапхана (қазір Ресей мемлекеттік кітапханасы), Мәскеу қ. көпшілікке арналған тарихи кітапханасы, Чита, Иркутск, Улан-Уде және т.б. кітапханалар өз кітап қазынасымен бөлісетін. Оқырмандар ОКЖ кітап қорын өзара алмасуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Анна Алексеевна Семинаға шексіз алғыстарын білдіретін. Осы бөлім жұмысының тәжірибесін негізге ала отырып, алдыңғы қатарлы тәжірибе мектебі құрылды.
Орталық қалалық кітапхана қаланың барлық кітапханаларына әдістемелік орталық болды, ауылдық кітапханашыларға көмек қолын берді.
ОКЖ жетекші мамандары кітапханашылардың кәсіби шеберлігін арттыруда ауқымды және тиімді жұмыс атқарып, әріптестеріне жекелей көмек көрсетіп, кітапханалық тәжірибені айқындап, таратты, семинарлар мен практикумдерді өткізді.
ОКЖ жұмысы жинақталып, талданып, бірнеше рет облыстық семинарларға ұсынылды.
Кітапхана қаланың қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді.
Кітапханалар орталықтандырылғаннан бастап, әдістемелік-библиографиялық, толымдау және әдебиетті өңдеу, ОКЖ кітап қорын өзара қолдану, тұрақты емес қызмет көрсету бөлімдері құрылды. ОКЖ ауыстырмалы-резервті қорды қалыптастыруға кірісті.
Тұрақты емес қызмет көрсетуді енгізу жұмыстары жүргізіліп, кәсіпорындардың картотекасы жасалды.
Сол кездің өзінде радиода дүркін-дүркін сөз сөйлеу дәстүрі қалыптастырылды (алдымен РТӨ зауытының радиосы). Кітапхананың «Заводская жизнь» кейіннен «Ваша газета» қалалық газетімен байланысы нығайтылды.
Әдістемелік-библиографиялық бөлім кітапханаларға, демек қала тұрғындарына да жаңа келіп түскен кітаптардың бюллетенін шығарды.
Кітапхана жұмысын анағұрлым жеңілдеткен библиобус алынды.
Ең бастысы – 1980 жылы қазанның шырайлы күні кітап Сарайы, облыстағы ең керемет және жалғыз типтік ғимарат Орталық қалалық кітапхананың ашылуы.
Бұл қала тұрғындары мен кітапханашылар үшін айтулы мереке болды.
Орталық қалалық кітапхана абонемент, оқу залы, кітапсақтау бөлімдерінің бай кітап қорын, әдебиеттің кең қоры мен өнер бөлімінің фоноқұжаттарын оқырмандарға ұсына отырып, көп жылдар бойы «Кітап қазынасы - оқырманға» ұранымен жұмыс істеді.
Бірегей ғимараттың ішінде қаламыздың ақындарымен, сазгерлерімен, жазушыларымен, атақты адамдарымен көптеген кездесу кештері өткізілді. Кітапхана қызметкерлерінің семинарларына Қарағанды облысының барлық аймағынан кітапханашылар келетін.
1975-1985 жылдар аралығында ОКЖ оқу залы жанынан құрылған «Қызықты кездесу» клубы жұмыс істеді (идея авторы Т.П.Пшеничникова). Клуб қонақтары жергілікті суретшілер, ақындар, сазгерлер, өзі жазған әндердің авторлары, қала құрылысының маңдай алды азаматтары, тыңгерлері болды.
Кітапхана қабырғаларында жергілікті кәсіби суретшілер Владимир Кузьмич Ворохобин, А.А.Тимофеевтің жұмыстары көрініс тапты. Сонымен қатар, кітапханашылар суретшінің жесірі Е.Х.Ворохобина сыйға тарту еткен суреттер коллекциясын мақтан етіп, кітапхана музейінде аялап сақтап келеді.
Қала балаларына, жоғарыда айтылғандай, қала орталығында орналасқан, барлық балалалар кітапханалары үшін әдістемелік орталыққа айналған Орталық балалар кітапханасы қызмет көрсетті.
Бізбен бірге жұмыс істеп, жүрегімізде өшпес із қалдырған аялы адамдарды жадымызда мәңгі сақтаймыз. Ол – ОҚК қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Татьяна Павлвна Пшеничникова. Ол бізді өзінің шығармашылық тапқырлығымен, идеяларымен, әр категориядағы оқырмандармен тіл табысу шеберлігімен тәнті ететін. Ол кісі және жұмысы туралы «Индустриальная Караганда» облыстық газеті жазатын.
Ол – ОҚК кітапханашы-аудармашысы Болжан Алькеевна Арыстанбекова. Осы кісі кітапхана қызметкерлерін қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша жұмысты насихаттауға жігерлендіретін. Сол кісінің жетекшілігімен кітапханада Наурыз мерекесіне арналған керемет отбасылық мерекелер өткізілетін.
Ол - өнер туралы әдебиетті насихаттаудың қызықты түрлері бойынша үнемі ізденісте жүретін Лариса Сергеевна Никитина және Елена Николаевна Овчаренко.
Ол - тұрақты емес қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Надежда Ивановна Аришина. Ол кісі РТӨ зауытының, ӘТҚБ, «Юность» зауыт жастарына арналған жатаханасының тұрақты емес қызмет көрсетудің ұйымдастырушысы болды. Бұл жерде ОҚК кітапханашылары импровизаторлық концерттерімен ұласқан әдеби-сазды кештер өткізді.
Ол - Галина Павловна Бельская еді. Оның балалармен жұмыс істеуі – нағыз шеберлік.
Ол – қарым-қатынас жасауда табиғи дарындылықпен және әртістік қасиеттерімен ерекшеленген, шынайылығымен, бірегейлігімен айшықталған көпшілікке арналған іс-шаралар өткізген С.И. Головко және М. А. Гофман.
1996 оптимизациялау жылы қарауында 10 қызмет көрсетіп тұрған ересектер мен балаларға арналған кітапхана бөлімшелерінен 2-і ғана қалған, Орталық қалалық кітапхана басқаруымен Саран қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі сақталып қалды. Бұл екі бөлімше Отбасылық Оқу кітапханасы болып өзгертіліп, ересектер мен балаларға қатар қызмет көрсетті. Айта кету керек, мұндай инновациялық қадам Қарағанды облысы бойынша отбасылық оқу кітапханаларын құру алғаш рет Саран қаласында жасалды.
Орталық балалар кітапханасы, №3, №4 кітапханалардың кітап қорымен №1 Отбасылық Оқу кітапханасы құрылды.
№2 кітапхана қоры №2 балалар кітапханасының кітап қорымен біріктіріліп, №2 Отбасылық оқу кітапханасы құрылды.
Қысқартылып қалған №5, №6, №7, №8 кітапханаларының кітап қоры, Саран қаласы көмір өндірушілерінің кәсіподақ кітапханаларының қоры Орталық қалалық кітапханаға жеткізіліп, кейіннен кітапханаларға таратылды.
Сол жылдары кітапханалар жүйелі түрде жаңадан келіп түсетін кітаптарды толықтыруда, мерзімді басылымдарға жазылуда сияқты біраз қиындықтарға ұшырады.
Тек 2007 жылы ғана қалада екі жаңа кітапхана ашылды. Ересектер мен бала оқырмандарға қызмет көрсететін, 1 «А» ықшам ауданында орналасқан №3 кітапхана бөлімшесі мен Ленин даңғылы, 1, мекен-жайындағы №4 Отбасылық оқу кітапханасы.
Қиын-қастау кезеңдегі өзгерістерге қарамастан, қала кітапханаларының жұмысы ешқашан толастаған емес еді: өзіне қажетті ақпарат алу үшін барлық жастағы оқырмандар келетін, кітапханашылар өз кәсіби шеберліктерін арттырып, жаңа, қызықты, ерекше дүниені үйренді.
2000 жыл. «Шығармашылық идеялар жәрмеңкесі» облыстық мерекесінде «Әдістемелік-библиографиялық материалдар» номинациясы бойынша «Жасай бер, менің туған қалам!» өлкетану сипатындағы жұмыс символдық кітапханалық «Оскарға» лайық деп табылды. Өлкетануға арналған көмекші құралды әзірлегендер: Л.И. Евченко., Л.С.Ортнер., А.М. Хузахметова.
2001 жыл. Л.А. Перова «Жыл кітапханашысы» номинациясы бойынша марапатталды. Қарағанды облысының Мәдениет Департаменті Е.Н.Алексейцеваны Қазақстан Республикасының 10 жылдығына арналған «Кітапханалық фристайл» облыстық байқауына қатысып, 1-орын алғына үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.
2002 жыл. С.И. Головко ОҚК оқу залы әдеби-сазды қонақжайының негізінде Библиотеатрдың құрылуына мұрындық болды. Соның нәтижесінде кітапхана қызметкерлері барлық қойылымдарға қызығушылықпен ат салысып, бірден әртіс болып шыға келді.
Л.И. Евченко «Кітапханалық өлкетану: қалыптасуы, дамуы, болашағы» тақырыбымен рефераторлардың Облыстық байқауына қатысқаны үшін Дипломмен марапатталды.
2003 ж. Гоголь атындағы Облыстық кітапханаларды дамыту бөлімінің «Қала - ауылға» сериясында «Саран қ. ОКЖ шығармашылық ізденісі» атты әдістемелік құралы шығарылды.
Орталық қалалық кітапхана «Ауылға көмек» номинациясында Шет ауданының кітапханаларын толымдау ісіне көмек қолын ұсынғаны үшін Қарағанды облысының Мәдениет Департаменті тарту еткен бағалы сйылықпен марапатталды.
2003 жылдан бастап, балалар және жасөспірімдер кітабының үлкен сахнада, қаланың Мәдениет ұйінде «Қош келдің, ХХІ ғасыр кітабы» қалалық апталығының салтанатты ашылуы қайта жаңғыртылды. Ауқымды апталықтарды жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Гоголь атындағы облыстық кітапханамен ОКЖ әдіскері Л.С.Ортнердің тәжірибесі жинақталып, «Если работа по душе» брошюрасы шығарылды.
2003 ж. Орталық қалалық кітапханаға алғашқы компьютер алынды. Компьютермен жұмыс істеу тәртібі сағаттарға бөлініп қойылды.
2004 жыл. ОҚК қорды толымдау және каталогтеу бөліміне алғашқы компьютер беріліп, «Библиотека 4.02» бағдарламасы қойылып, ОКЖ Электронды каталогын енгізу қолға алынды.
ОҚК кітапханашылары Саран қаласының 50 жылдық мерей тойына «Тағдырлас қалам - Сараным!» кітабының жазылуына ақпараттар жинақтап, материалдар дайындауға белсене ат салысады.
Саран қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы кітапхана ісіндегі кәсіби шеберлігі мен жаңашылдығы үшін Қарағанды облысы Мәдениет Департаментінің бағалы сыйлықтарымен: компьютер, ксерокс, сканер, модем, теледидармен марапатталды.
Орталық қалалық кітапхана Саран қаласының 50 жылдығына арналған, қала көлемінде тұңғыш оқылым мерекесін ұйымдастырды. Осы шарамен қатар Ж.Жабаев., А.С.Пушкин., А.Гайдар ескерткіштері жанында әдеби оқылымдар өткізілді. Қала тұрғындары үшін оқылым мерекесі жыл сайын өткізілетін дәстүрге айналды.
Саран қаласының 50 жылдығына арналып, қаланың орта жалпы білім беретін мектеп оқушылары жазған «С любовью о книге и чтении» атты шағын шығармалар жинағы шығарылды. Жинақты құрастырушы – ОҚК кітапханашысы С.И.Головко.
Үздік сайттер облыстық байқауына қатысып, «Кітапханалы Саран» электронды сайтын әзірлегені үшін Орталық қалалық кітапхана 2004-ші жыл бойы «Заң» Республикалық мәліметтер базасын тегін қолдану құқына ие болды.
Л.А. Клюева (№2 ООК), А.М. Святоха (№2 ООК), Е.Н. Алексейцева (№1 ООК) шығармашылық ізденіс және «Менің ең жақсы оқырманым» облыстық байқауына қатысқандары үшін Қарағанды облысы Мәдениет Департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
2005 жыл. ОКЖ балалар бөлімшелерінің оқырмандары «Соғыс болды, Жеңіс болды» облыстық шығармалар байқауына қатысты. Барлық шығармалар Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының жинағына енгізілді.
Қарағанды облысының Мәдениет Департаменті мамандығына адалдығы және «Кітапханалық сауаттылықтан библиографиялық мәдениетке дейін» сабақтар циклінің жастар арасында кәсіптік бағдар және кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттау мәселесін кешенді қолдауы (әзірлегендер: С.И.Головко., Л.И.Евченко) және «Таңдау» бағдарламасы (әзірлеген: С.И.Головко) үшін Орталық қалалық кітапхананы ІІ дәрежелі Дипломмен марапаттады.
Абайдың 160 жылдық мерей тойына арналған «Даланың ұлы ақыны» қолжазба кітабының байқауына қатысты. ОҚК оқырмандары Қали Талғат және Серік Ләззаттың жұмыстары үздіктер қатарында аталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Оқырмандарды байқауға дайындаған кітапханашы-аудармашы Г.С.Блялова.
2006 жыл. А.М. Хузахметова кітапхана ісін дамытудағы көпжылдық жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2007 жыл. Астана қаласында өткен оқылымның Халықаралық Конгресінің жұмысына №2 Отбасылық оқу кітапханасының меңгерушісі Е.Ю.Бабив және кітапханашы О.В.Борщ қатысты.
Кітапхана бағдарламасының әзірлеушілері ұсынған РАБИС бағдарламасы алынып, енгізілді.
2008 жыл. №1 ООК кітапханашысы И.Ю.Кириакиди Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында үздік балалар кітапханашылары облыстық байқауы аясында өткізілген шараның «2008 жылдың үздік балалар кітапханашысы» атанды.
2009 жыл. 2009 жылы қараша айының 14-17 аралығында Алматы қаласында, Бегалин атындағы балалар мемлекеттік кітапханасының негізінде ұйымдастырылған «Жанға жылу берген шаңырақ» халықаралық конференция-семинарына №1 Отбасылық оқу кітапханасының меңгерушісі Е.Н. Алексейцева мен №2 Отбасылық оқу кітапханасының меңгерушісі Е.Ю.Бабив қатысты.
2010 жыл. Қалада «Мен оқимын! Біз оқимыз! Барлығы оқиды!» акциясы өтті. Акция аясында ОҚК кітапханашылары Саран қаласындағы мекемелер мен кәсіпорындар басшылары арасында «Атақты адамдар кітап және оқу туралы» әлеуметтік зерттеуін жүргізді.
№4 ООК ұжымы «Әлеуметтік маңызды ойлар мен жобалардың ІІ қалалық жәрмеңкесіне» ұсынған жобасы үшін «Саран қ. Ішкі саясат бөлімі» ММ грамотасымен марапатталды.
№4 ООК «Жастар дауысы» ЖҚБ бірлесе отырып, кітапхана бірлестіктерінің жас оқырмандары арасындағы Қарағанды облысының «Есірткі – болашаққа төнген қара бұлт. Черные тучи над будущим» облыстық шығармашылық жобалар байқауына қатысты. Ұсынылған «Жастар ақпараттық орталықтары арқылы – салауатты өмір салтына» жобасы 2 орынды иеленді. Байқауға қатысушылар Дипломдармен марапатталды.
2011 жыл. «Нашақорлыққа жол жоқ» компьютерлік графиканың виртуалды республикалық байқауының қорытындысы бойынша, Бектұров атындағы балалар және жасөспірімдер облыстық кітапханасының бастамасымен ОҚК кітапханашысы А.И.Федорованың жұмысы көзге түсіп, мақтау қағазымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Алғашқы кітапханалық бейне ролик шығарылды.
2012 жыл. Бұл жыл біздің әріптестеріміз үшін ерекше жыл болды. ОҚК әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі Л.С.Ортнер «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және №4 ООК меңгерушісі А.Ф.Кожевникова Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлығының «Үздік кітапханашы 2012» номинациясының иегері атанды.
2013 жыл. №2 ООК меңгерушісі Е.Ю.Бабив Қарағанды облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының бастамасымен Орталық қалалық кітапхана негізінде Қарағанды облысы балалалар кітапханашыларының «Возродить семейные чтения» атты семинары өткізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында Ж.Бектұро атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жария еткен «Еселі еңбек асқақ мұраттарға жеткізеді» жастардың облыстық мультимедиялық байқауының қорытындысы бойынша ОҚК кітапханашылары Федорова А.И. және Уракова М.С.бейнежазба жасағандары үшін Мақтау қағаздарымен марапатталды.
2014 жыл. КАБИС кітапханалық бағдарламасы алынып, енгізілді.
ОКЖ Электронды каталогі дамуын жалғастыруда.
Қолданушылар үшін ОҚК оқу залында Wi-Fi орнатылған.
ОКЖ тарихы аяқталған жоқ, оның жалғасы бар. Алдымызда біздің кәсібімізді қызықты ойлар, соны жетістіктер мен жаңа адамдар күтіп тұр.
Бүгінгі күнде өз мамандығын тағдырына айналдырып, кітапхана ісінде есімдерін алтын әріппен қалдырған жандар жайлы мақтанышпен айтамыз. Олар кітапхана еңбегінің ардагерлері: Свиридова Елизавета Борисовна, Трофимова Татьяна Трофимовна, Бельская Галина Павловна, Павловская Ольга Павловна, Корчагина Лидия Ивановна, Амелина Лидия Алексеевна, Хон Алла Константиновна, Мартель Людмила Александровна, Ортнер Лидия Степановна, Перова Любовь Анатольевна, Хузахметова Анна Михайловна, Волкова Надежда Александровна, Реванова Тамара Геннадьевна, Никитина Ольга Семеновна, Евченко Любовь Ивановна.
Олар ардагерлер ізін басқан, кәсібіне 15-20 жылын арнаған: Алексейцева Е.Н., Толмачева В.Е., Панкратова Т, А., Клюева Л.А., Бабив Е.Ю., Кожевникова А.Ф., Голикова М.Г.
Бүгінгі таңда кітапхана еңбегі ардагерлерінің эстафетасын жалғастырушыларға сәттілік тілейміз. Олар: Федорова А.И., Кириакиди И. Ю., Борщ О. В., Борщ Т.В., Лаухина О.А., Фалик Ж.Д., Воробей О.В., Мирошникова И.В., Тугельбаева Б.М., Айтқожина Т.А., Ковшова Л.Н.
Келулердің саны: 23699