ИНФОРМАЦИОННЫЙ БЮЛЛЕТЕНЬ

аукаук

       

Нұсқабайұлы Ж. «Өртенген өлеңдер». Әңгіме-эсселер, естеліктер, мақалалар, ойлар / Жарылқасын Нұсқабайұлы. – Алматы: «Білім» баспасы, 2016 – 352 б. + 12 б. суреттер.

Жазушының бұл кітабында әр жылдарда жазған әңгімелері, ел тағдырына арналған мақалалары, достары, замандастары жайлы естеліктері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысында қан майданда байтақ елінің бақыты, мейірбан халқының болашағы үшін кеудесін оққа тосқан асыл азамат, 70 жыл хабар-ошарсыз кеткен жас ақын Ілияс Құлымбетов туралыт эссе-естелік қосылды.

         
         
         
     

Исабаев И. Жанымды сыйладым халқыма. Я душу посвятил народу своему: фотоальбом/ И.Исабаев; құраст. А.Туленова. –Алматы: «Асыл сөз» баспасы, 2016-240 б. қазақша, орысша, ағылшынша.

Альбом танымал қазақ график-суретшісі Исатай Исабаевтің шығармашылығына арналған. Басылымда суретшінің көркем туындыларымен бірге, оның шығармашылық табиғаты жайлы терең ой-толғамдары берілген. Осының бәрі суретшінің нағыз ұлттық, қайталанбас шеберлігі мен сан қырлы қолтаңбасы бар суретші ретінде тұтастай әсерге бөлесе, дара графикалық мәнерімен өлшеусіз із қалдырғанын қазақ мәдениетінің мұрасына ауқымды қызмет еткен кеңдігімен ғана бағалауға болады.

Альбом посвящен творчеству выдающегося казахского графика Исатая Исабаева. В издании представлены произведения художника, а также размышления самого Исатая о природе творчества. Все это создает целостное впечатление об истоках и разных гранях мастерства глубоко национального художника. Позволяет осознать неповторимую индивидуальную манеру графика и оценить масштаб его деятельности в контексте казахской культуры

 

         
         
         
     

Солтанбаева Г. Мәңгілік өнер: Ою-өрнек тарихы. / Гүлнар Солтанбаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2016. - 128 б.

Бұл «Мәңгілік өнер» кітабында әлем халықтарының және әртүрлі кезеңдерде ою-өрнек өнерінің пайда болуы мен дамуы қарастырылған. Қазақ халқының ою-өрнек өнерінің даму тарихы, оның классификациясы келтірілген және қазақ ою-өрнектерінің негізгі элементтерінің символикалық мазмұны айқындалған.

Кітап киім, интерьер, графика, ландшафт дизайнерлеріне, сонымен қатар жоғарғы оқу орындары, колледж студенттеріне, өнер мектебі оқушыларына арналған.

         
         
         
       

Сидоркин В. Суретшілер әулеті. Е.Сидоркин. Г.Ысмайылова. В.Сидоркин: Фотоальбом. / В.Сидоркин. – Алматы: БПКА, 2016. – 164 б.

Сидоркиндер әулетінің еліміздің өнеріне қосқан еңбегі зор. Евгений Сидркиннің есімі Қазақстан бейнелеу өнерімен тығыз байланысты. Еңбектерін Қазақстанды насихаттап, суреттеуге арналған.

Заслуга династии Сидоркиных в становлении и развития искусств страны очевидно. Творческий путь Народного художника Казахстана Евгения Сидоркина тесно связано с Казахстаном, который он будучи еще молодым полюбил всем сердцем.

         1 2 3 4
         
         
         

 


Количество посещений: 2443