ИНФОРМАЦИОННЫЙ БЮЛЛЕТЕНЬ

аукаук

       

Базарбаева М. Халықберген: / Маркиза Базарбаева.-Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2016. – 176 б.

Маркиза Базарбайқызының бұл кітабы – ұрпақтың өз халқын қалай сүюдің, Отанға қалай адал қызмет етудің, жер бетіндегі зұлымдықпен күресудің үлгісін көрсетіп кеткен ерлердің ерлік күндерін дәріптейді.

Бұл кітап көпшілік қауымға арналған.

         
         
         
     

Елемес Құл-Керім. Шырағым-ай: Проза / Құл-Керім Елемес. – Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2016. – 136 б.

Бұл кітап ізгілікті ту етеді. Кітаптың басты мақсаты – тәрбиенің тұнық бұлағы ұлттық таным арқауын берік ұстана отырып балаларды ата-анамен, қоғамдағы әр түрлі жағдайлармен арасындағы байланыстың тереңіне, даналыққа, тапқырлыққа, ізгілікке, сенімге шақырады. Олар жайлы сананы айшықтайды. Кітап ата-аналарға, ұстаздарға, жалпы оқырманға және бала-болашаққа арналған.


 

         
         
         
     

Мұқибекұлы Ауыт. Ұлылық пен мәңгілік..: Поэзия / Ауыт Мұқибекұлы. – Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2016. – 136 б.

Алыста жүрген ағайын тағдырына алаң көңіл ақын бұл кітабында Ұлт Көшбасшысының Тәуелсіз Қазақ Елін құру, өркендету, дүниежүзіне таныту жолындағы Ұлы еңбектері мен шекарасы сыртындағы қандастарымызды Атажұртқа оралту жөніндегі дана шешіміне деген өзінің ризалығын, жүрекжарды қуанышын асқақ шыбытпен тебірене жырлайды. Президентіміздің сенімді серігіне, ұлт мақтанышына айналған бір бөлім ел ағаларына, замандастарына арналған ақжарма тілегі мен адал пейілі ерке Есілдей кемерінен асып төгіліп жатады. Сондай-ақ, Ұлы Дала төсінде бой түзеген Мәңгілік Елдің жаңа астанасын жауһар жырларымен жарқырата түседі.

         
         
         
     

Нұржеке-ұлы Бексұлтан. Әй, дүние-ай: Роман / Бексұлтан Нұржеке-ұлы. – Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2016. – 400 б.

Жазушының бұл романындағы оқиға 75 жыл аралығын қамтиды. Бас кейіпкер Шәйі Тілеуліқызы 1916-жылғы ұлт азаттық көтерілісін де, 1986-жылғы Желтоқсан көтерілісін де бастан кешеді. Оның тағдыры - қазақ халқының тағдыры. 1991-жылдың 16-желтоқсанында Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялағанын естіп: «Құдай бар екен ғой» деп, тебіренген айрықша халде көз жұмады.

Шығарма 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлім «Дейін» - кеңес өкіметіне дейінгі кезеңді, «Кейін» - патша өкіметінен кейінгі дәуірді суреттесе, «Түйін» бөлімі осы екі дәуірдің жан-жақты түйткілі мен тәлімін көркем бейнелейді.

Шығарма аз сөзбен көп ойды меңзеу мақсатында жазылған.

         
         
         
     

Ахетов А. Завороженный истиной: Рассказы / А.Ахетова. – Алматы: Раритет, 2016. – 368 с.

Включенные в сборник ранние рассказы Амантая Ахетова пронизаны лиризмом и теплом в отрожении людских судеб и потресающих парадоксов нашего бытия, пропущенных через сердце поэта.

В произведениях писателя присутствует гражданская и нравственная позиция, ощущается неординарная индивидуальность, национальный угол зрения. А окружающий его мир Амантай Ахетов раскрывет великолепным русским языком, отточенным слогом с удивительным художественным мастерством.

Интересны и путевые эссе писателя из Египта, Саудовской Арабии и Израиля, на которые автор смотрит еще глазами советского человека.

         
         
         
     

Асқаров Ә. Таңдамалы / Әлібек Асқаров. – Алматы: Раритет, 2016. 6-том: Әңгімелер, мақалалар, сұхбаттар, боямасыз баяндар. – 480 б.

Жазушының таңдамалы шығармалар жинағының алтыншы томына өмірде болған оқиғалар негізінде жазылған бірнеше деректі әңгімелері, саяхат жазбалары, баспасөз бетінде жарық көрген кейбір мақалалары мен сұхбаттары, сондай-ақ қоғамдық өзгерістерге қатысты қаламгердің ой-толғамдары топтастырылды.

Кітап қалың оқырманға арналған.

         
         
         
     

Мұхамадиева М. Аңсар жүрек: / Меруерт Мұхамадиева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2016.- 112 б.

Ақын Меруерт Бақдәулетқызының «Аңсар жүрек» атты жыр жинағында отансүйгіштік рух, ұлт тағдыры, ғайыпқа сенім - Хақ Тағаланы тану, кісілік болмыс, бекзада тектік, мекенге сағыныш, ғұмыр философиясы, уақыт сипаты, дүние мен мәңгіліктің (пәни мен бақидың) аралық байланысы, табиғат (тұрлаусыз тіршілік) пен адамның ішкі менінің тілдесімі, үйлесімі ұтымды, көркем кестеленген. Оны жүз сүрлеу мен мың соқпақтан өткен Қазақияның тағдыры, өткені өксітсе, келешегі ерекше алаңдатып, көптеген кәусар жырларына алтын арқау болған.

Кітаптың тілі көркем, ойы терең, жыр сүйер көпке айтары айқын, түсінікті. Жинақ өзінің терең мағынасымен, қамтыр тақырыбының өзектілігімен құнды.

         
         
         
     

Сариев Шөмішбай. Таңдамалы: өлеңдер, балладалар, поэмалар/ Шөмішбай Сариев. – Алматы, «Айғаным» баспа үйі, 2016 – 431 б.

Шөмішбай Сариев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, 2003 жылы Прагада чех елінің ұлы ақын-жазушысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты атағына ие болған тұңғыш қазақ ақыны, Жыл Адамы – Алтын Адам сыйлығының, Платина- Тарлан сыйлығының лауреаты. Ақынның елу жыл бойы жазған жырларынан екшеп, сұрыпталып алынған таңдамалы дүниелерін қалың оқырмандар назарына ұсынылып отыр.

         
         
         
       

Әшімқанұлы Д. Көптомдық шығармалар: Ақшоқы. Әңгімелер мен әдеби эсселер, мақалалар. – Астана: Нұра-Астана, 2016 – 480 б.

Белгілі жазушы, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дидахмет Әшімханұлының көптомдық шығармаларының 2-томына әңгімелері мен әдеби эсселері, публицистикалық мақалалары енгізілген.

Бұл томда шығармалардың қай-қайсынан да адамға деген сүйіспеншілік, кейіпкерлер жандүниесі алдымен көрінеді.

          1 2 3 4
         

Количество посещений: 2565