ИНФОРМАЦИОННЫЙ БЮЛЛЕТЕНЬ

       

Президент: 2015 жылғы басты оқиғалардың фотобаяны. Президент: фотолента основных событий 2015 года: Фотоальбом/ Құраст. Д.Абаев.-Алматы: Тай-Кайнар, 2016.-408б.

   Бұл фотоальбомда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қатысуымен 2015 жылы елімізде және халықаралық аренада өткен маңызды іс-шараларда фотоматериалдар топтастырылады.

Данный фотоальбом представляет собой сборник фотоматериалов, отрожающих ключевые внутриполитические и международные события с участием Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева в 2015 году.

         
         
         
     

Құлбарақ С. Ұлттық рух және поэзия: Зерттеу, ой-толғам. / Сәмен Құлбарақ. Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2016. – 112 б.

Ұлттық рух- кең ұғым. Оның елдің даму тарихында халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдырудағы қажеттілігі мен мән-маңызын автор 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі тақырыбына арналған поэзиялық туындыларды және белгілі ақындардың шығармаларын талай отырып жан-жақты қарастырады. Ұлттық рухтың, әсіресе, ұлт басына, жеке басқа төнген сын сәтте айрықша танылатыны, ерекше күш-қуатқа ие болатыны айтылады.


 

         
         
         
     

Апеева Г. Абайдың ақындық дәстүрі және Шәкәрім поэмалары: Монография. / Гүлнар Апеева. - Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2016. – 192 б.

Монографияда Шәкәрім поэмалары Абайдың ақындық дәстүрі негізінде талданған. Ақын шәкірттер поэмаларының мазмұндық желісіндегі, олардың композициялық құрылымындағы, көркемдеу тәсілдеріндегі ұқсастықтар нақты көрсетілген. Бір дәуірде өмір сүріп, бір әдеби ортада тәлім алғанымен, шығармашылық әлемде әрқайсысы өзіндік із қалдырған Абай шәкірттерінің ерекше қолтаңбасын танытатын даралықтар да монографияда жүйелі ашылған. Монография әдебиетші қауымға, барлық оқырманға арналған.

         
         
         
     

Әбдиманұлы Ө. Шығармалары / Өмірхан Әбдиманұлы. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея: монография. – 2016. – 424 б.

Бұл еңбекте ХХ ғасыр басындағы әдебиет негізге алына отыра қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идеяның дәстүрлік арналары ежелгі дәуірдегі Орхон Енисей жазба ескерткіштері, хандық дәуірдегі жыраулар поэзиясы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы зар заман әдебиеті, Махамбет толғаулары, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Абай поэзиясын қарастыру арқылы жүйеленген. Еңбектің жаңашыл сипаты азатшыл идеяның ХХ ғасыр басындағы әдеби бағыттардың негізгі көркемдік ұстанымына айналуын дәлелдеу арқылы нақтыланған.

Монографияның теориялық және практикалық құндылығы – ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық әдебиетті терең зерттеу арқылы қазақ әдебиеттану ғылымын дамытуға жаңа өріс алып келуі.

Зерттеу еңбек әдебиеттанушы ғалымдарға, жалпы ұлт руханиятын қастер тұтар зиялы қауымға арналған.

         
         
         
     

Жамбыл. Энциклопедия. / Бас.ред. Тойбаева Ж. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. – 616 б.

Халқымыздың көнеден арна тартқан ауыз әдебиетін ХХ ғасырдағы жазба әдебиетпен жалғастырған ұлы жырау, сұңғыла жүйрік, суырыпсалма жыршы, ақиық айтыскер ақын Жамбыл Жабаев – өз есімімен ұлтымыздың даңқын әлемге танытқан біртуар тұлға. Дүние жүзінің ондаған тіліне аударылып, толық жинақтары мен жекелеген кітаптары өз елімізде әлденеше реттен жарық көрген ақын шығармашылығы туралы жүздеген зерттеулер жазылып, Жамбылтану ғылымы қалыптасты. Ақын бейнесі көптеген әдеби шығармалар мен өнер туындыларынан өз орнын тапты.

«Қазақ энциклопедиясы» баспасы шығармашылық ұжымның күшімен дайындалып, оқырманға ұсынылып отырған «Жамбыл» тұлғалық энциклопедиясы осы олқылықтың орнын толтыруға мақсат етті.

         
         
         
     

Тоқтасынұлы Есқара. Бауырым-ай. Роман./ Есқара Тоқтасынұлы.-«Қаламгер» баспасы, Алматы, 2016.-342 б.

   Бұл кітап, Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығы - айтулы мерекеге орай шығып отырған, қазақ әдебиетіндегі спорт тықырыбына арналған роман.

Еңбекте спорт нұсқаушысы мен күрес бапкерінің өмірі, шәкірттері, жарыстар, саламатты өмір, мөлдір махаббат, қарт Қаратаудың әсем табиғаты айрықша әсерлі баяндалады.

         
         
         
     

Құмарова Ш. Сезім патшалығы: Роман. Шәрбану Құмарова –Алматы: «Жазушы», 2016.-536 б.

«Сезім патшалығы» - көрнекті қаламгер Шәрбану Құмарованың ұзақ жылғы еңбегінің жемісі. Повесть, әңгімелерімен танымал жазушы өзінің машықты махаббат тақырыбына бұл жолы да адал.

Қай-қай шығармасының да айтары өзекті, тілі көркем, ойы айшықты Шәрбану Құмарова (Гүлшарбан Мұхитқызы) «Сезім патшалығы» романында да өзінің кәнігі әдіс-тәсілінен жаңылмаған.

Ромманның тағы бір жанрлық ерекшелігі – оқиға өрісінде детектив пен эпикалық желіге құрылған дүниелердің бір-бірімен жымдаса астасуы. Бұл шығарма қызғылықтылығын арттыра түскен.

         
         
         
     

Жалбағаев Е. Қазақтың арғы атасы кім? Номадтар, сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар (Қазақ тарихына бейресми көзқарас.) – Алматы: «Білім» баспасы, 2016. – 176 б.

Кітап - әлемдік тарихи маңызы грек-рим, парсы мәдениетімен парапар, Еуразияда бірнеше империялық мемлекеттер орнатып, адамзат өркениетінің дамуына ерекше үлес қосқан түркілердің және олардың тікелей мұрагері қазақтың да тарихынан сенімді деректерге негізделген мәлімет береді, бірақ еңбек ресми тарих емес, мамандығы дәрігер автордың жеке көзқарасы.

Өз елінің тарихын тереңірек білгісі келетін жастар мен ізденуші ғалымдарға және көпшілік оқырманға арналған, жатық тілмен жазылған, ой қозғайтын оқшау пікірлі шығарма.

         
         
         
       

Бақбергенов С. Ақ боз атты ару: Роман / Сәуірбек Бақбергенов – Алматы: Жазушы, 2016.-304 б.

Сәуірбек Бақбергеновтың «Ақ боз атты ару» романына қазақтың ұлы ғалымы, этнографы, тарихшысы Шоқан Уәлихановтың өмірінң соңғы кезеңіндегі оқиғалар арқау болған.

Романда ғалымның туған халқын шексіз сүюі, оның болашағына көзқарасы және өз басының сүйіспеншілігі, жары Айсараға деген махаббаты кеңінен баяндалады.

           1 2 3 4
         

 


Количество посещений: 3642