«Супермама» отбасылық клубының жұмысы аясындағы шағын студия

№2 ООК «Супермама» отбасылық клубының жұмысы аясындағы шағын студия өз жұмысын бастады. Мұнда қатысушылар өз өнерлерімен бөлісіп, басқалардан да басқаша бір өнер түрін үйренеді, сонымен қатар кітап арқылы өздерінің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік алады. Халықаралық әйелдер күніне арналған алғашқы кездесуіміз «Декупаж – бұл оңай» атауымен арт сағат түрінде өткізілді. Бұл кездесу шағын студияға қатысушыларды Декупаж сияқты заманауи хоббиімен, оның шығу тарихымен, ол туралы кітаптармен таныстырды. Ал шағын студияның жетекшісі – О.В.Борщ декупаж техникасымен бөлісіп, жұмыстың кезеңдерін тәптіштеп түсіндірді. Декупаж сырларын білуге құмартқан ару қыздар, үйреніп қана қоймай, өздерінің сүйікті  аналары мен әжелеріне 8 наурыз мерекесіне таптырмас сыйлықтар жасады.

              

 


Келулердің саны: 3080