«Азбука здоровья» сауалдамасы

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 10 тамыз «Созвездие таланатов» клубында «Азбука здоровья» атты сауалдама өткен болатын.

Өмір - адамға  табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді, бакытты өмір сүруінің негізі, қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі - адам денсаулығы. Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ. Тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстайтын ұрпақтарымыз бақытты ғұмыр кешуі үшін ең алдымен дені сау болуы тиіс. Шара оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау мақсатында өтті. Балалар «Денсаулық дегенді  қалай түсінесің?», «Дені сау адам қандай болады?», «Дұрыс тамақтану деген не?» деген көптеген сұрақтарға аса қызығушылықпен жауап берді. «Шабыт шеңбері» атты сайыста жеміс-жидектер туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып, спорт туралы жұмбақтардың шешуін тапты. Соңында денсаулыққа пайдалы кеңестер беріліп, салауатты өмір салтын ұстануға байланысты ойындар ойнатылды.

     

Викторина


Келулердің саны: 2738