Экспо 2017

Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі, Қазақстанның бас қаласы Астанада өтілуі үлкен мәртебе. Өйткені ЭКСПО -2017 көрмесі бүкіләлемдік аренада Қазақстанның танылуы мен біздің халқымыздың қонақжайлығын көрсетуге бағытталған.

Елімізде өтіп жатқан аталмыш көрме өз нәтижелерімен, ұсынылған технологияларымен таңқалдырды. Әсіресе Астана ЭКСПО -2017 көрмесінің символына айналған – «Нұр әлем» павильоны. Жеті қабаттан тұратын нысанның әр қабаты ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетикалық энергияға арналған. Ал сегізінші қабат «Астана – болашақтың қаласы 2050» экспозициясына арнайы бөлінген. Ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика – қуат көздерінің негізгі түрлері сандық, мультимедиялық және интерактивті технологиялар арқасында келушілердің назарын бірден аударады.

Қазақстан павильонында келушілер табиғаттың тылсым күшінен туған барлық энергия түрлерімен танысатын болса, тақырыптық павильондарда энергия эволюциясын, оның бүгіні мен болашағымен танысуға, технологиялық жетістіктерді елестетуге, планетамызға әсер ететін энергия тұтыну мәселесін көруге мүмкіндік алады.

Мен үшін павильондардың алдыңғы қатарларында және өз тың жобаларын арқалап келген: Таиланд, Түркия, Қытай, Корея, Германия, Нидерланды болмақ. Алайда павильондардың саны көп болғандықтан олардың мағынасы, жеткізгісі келген дүниелері әркімге әртүрлі әсер ететіні анық. Әр елдің бұл атаулы көрмеге ерекше дайындалғандарын бірден байқауға болады. Сондықтан елімізге көрші және шет елдердің еңбектерін тамашалауға, ерекше әсер алуға тағы да бару керек деп ойлаймын.

 

     
         
       
         
 

       

 

 


Келулердің саны: 2881