Дөңгелек үстел

Саран қаласы кітапханаларының қызметкерлері 26.04.17 ж. Саран қаласының Мәдениет үйінің "Жас отау" ЭМҚБ-де СГТК студенттерінің  қатысуымен ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына арналған "Қазақстан Рәміздері-ел тарихы" атты дөңгелек үстел өткізді, қатысқандар А. Құнанбаев атындағы СГТК студенттері және "Жас толқын" кітапханалық клубының мүшелері.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын тыңдаудан басталды. Бұдан әрі мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихы туралы бейнеролик көрсетілді.

Кітапханашылар дөңгелек үстелге қатысушыларды геральдиканың пайда болу тарихымен, мемлекеттік рәміздерді қолдану ережелерімен таныстырды.

Балалар "Қазақстан рәміздері – менің мақтанышым" викторинасына белсенді қатысып, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің тарихы бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Бұдан әрі "Қазақстан Рәміздері – ел тарихы" атты кітап көрмесіне шолу жасалды, онда аталған тақырып бойынша  альбомдар, құжаттар, әдістемелік құралдар ұсынылды.

"Жас толқын" кітапханалық клубының қатысушылары Манен Лаура мен Айдын Олжас туған өлке туралы өлеңдер оқыды.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді», деген сөздерімен басталды.

   

 

 

   

     
           


Келулердің саны: 2976