Ашық есік күні

 

  Кітапхана – бұл даңғылдар мен көшелер орнына кітап стеллеждары, үй қабаттарының орнына кітап сөрелері орналасқан, үйлер орнына том-том кітаптар жайғасқан, әр үйдің өз атауы бар ғажайып қала. Бұл керемет қалада біздің әдеби достарымыз өмір сүреді. Орталық қалалық кітапхана Ашық есік күніне №17 ЖББМ 3-сынып оқушыларын шақырды. Кітапхананың әр бөлімінде балаларға тапсырмалар беріліп, сайыстар өткізілді. Абонемент бөлімінде балаларды «Сиқырлы сандық» күтті. Бұл сандықта әртүрлі ертегілердің заттары жасырылып, осы жасырылған заттардың қай ертегіден алынғанын балалар табуы қажет еді.     

 

         Оқу залына ертегі кейіпкері пошташы Печкиннің өзі келді. Печкин көмек сұрай келген екен. Печкинде аты жазылмаған жеделхаттар жиналып қалыпты, сондықтан ол балаларды жеделхаттардың кім жазғанын біліп беруді өтінді. Балалар барлық тапсырмаларды орындады. Ешбір бала іші пысып, енжарлық танытқан жоқ. 


Келулердің саны: 3023