"Бірлік пен бейбітшілік рәміздері" акциясы

Оқушыларды Геральдика тарихымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің тарихымен таныстыру мақсатында Орталық кітапханада "Бірлік және бейбітшілік рәміздері" акциясы аясында "Геральдикаға саяхат" атты тарих сағаты өткізілді. №17 ЖББМ 6 "А" сынып оқушылары ежелгі дәуірден бастап елтаңбалар мен тулардың пайда болу тарихы туралы әңгімелеп, слайдтардағы суреттерге түсініктеме берді. Іс-шара соңында балалар "Қазақстанның рәміздері" викторинасында өз білімдерін көрсетті.


Келулердің саны: 2800