«Мен ана тілінде оқимын» атты ұлттық кітап күні
№2 ООК қызметкерлері әлеуметтік серіктесі АМСО-мен бірлесе отырып, №13 және №16 ЖББМ 5-6 сынып оқушыларына ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Мен ана тілінде оқимын» атты ұлттық кітап күнін өткізді. Іс-шараның басты мақсаты балаларға көпұлтты мерекенің негізінде бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бөлігі саналатын әрбір тіл туралы терең ой жатқанын, ал әрбір мәдениет - әлемдік өркениетке қосылған құнды үлес екенін жеткізу болды. Іс-шарада біздің кентімізде тұрып жатқан әртүрлі халықтардың тілінде сөз сөйленіп, балалардың орындауында қазақ, орыс, неміс, және ағылшын тілдерінде отанға, ана тілге деген сүйіспеншілік туралы өлеңдер оқылды. «Якташлар» АМСО ҚЭМБ жетекшісі А.М.Святоха өзінің ана тілі – татар тілінде балаларға «Татар халык Әкиятләре» жинағынан ертегінің үзіндісін оқыса, №2 ООК кітапханашысы Т.В.Борщ украин халқының ақыны Тарас Шевченконың «Садок вишневий коло хати» өлеңін мәнерлеп оқып берді. «Мен ана тілінде оқимын» ұлттық кітап күнін өткізуге белсене атсалысқаны үшін №13 ЖББМ оқушылары: Полина Малофееваға, Алина Шамсутдиноваға, Милана Халитоваға, Дарья Доротюкке және №16 ЖББМ оқушылары, «Ақ шаңырақ» ЭМБ «Балапан» клубының қатысушылары: Аяулым Рысқалиеваға, Әмина Мұхтарқызына, Назерке Болатбекқызына, Аяулым Томановаға, АМСО «Ақ шаңырақ» ЭМБ жетекшісіне алғысымызды білдіреміз.
Келулердің саны: 2950