«Таза сөз». «Таза тіл». «Таза жан»

           

Қыркүйектің 3 жұлдызында №2 ЖББМ 9-сынып оқушыларына «Таза сөз. Таза тіл. Таза жан» атты таза сөйлеу сабағы өткізілді. Сабақ тіл туралы аңыздардан басталды. Аңызды талқылай келе, оқушылар сабақтың тақырыбы – балағат сөздер тақырыбын қозғады. Кітапханашы балағат сөздерді түсіндіре отырып, анықтама беріп, олардың шығу тарихына тоқталды. Оқушылар балағат сөздерді күнделікті естіп, бұл сөздердің оларға қалай әсер ететіні туралы айтты. Содан кейін «айтылған сөздің әсері» атты бейнеролик көрсетілді.

 

Бейнероликті өзара талқылаған соң балалар «Балағат сөздерден қалай құтылу керектігі туралы» ереже жасады. Сабақ барысында «Таза сөз. Таза тіл. Таза жан» таныстырылымы көрсетілді. Сабақ «Сөз таза болса, тіл таза болады, тіл таза блса, жан тазарады» деген сөздермен аяқталды.


Келулердің саны: 2930