«Тыңда, дала, ақынды! – Слушайте, степи, акына!»
14.09.2016ж. қазақтың ұлы жыршысы, дүлділі Ж.Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына орай қаламыздағы Ж.Жабаев ескерткіші жанында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға СГТК студенттері, қала мектептерінің оқушылары, қалаға еңбегі сіңген тұрғындары және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Қазақстан Республикасы ағарту ісінің үздігі, қалалық ардагерлер кеңесі әскери-патриоттық комиссиясының төрайымы Надежда Степановна Скачкова өзінің құтықтау сөзінде ақынның өленін оқып, жас ұрпақты ұлы ақынның шығармашылын біліп жүруге шақырды. Іс-шарада ақынның өлеңдері жатқа оқылып, қала өнер мектептері шәкірттерінің орындауларында әндер шырқалды. №4 ЖББМ 8-сынып оқушылары О.Айдын мен С.Баққали Жамбылдың Айкүміспен айтысын сахналады.Мереке соңында іс-шараға белсене атсалысқан қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Келулердің саны: 3198