"Они знаю все"
2016 жылғы 10 тамызда №3 кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы жазғы ойын-сауық алаңында балаларға арналған «Они знают все» атты библиографиялық ойын өткізді. Мақсаты: Балаларды әртүрлі энциклопедиялар, энциклопедиялық анықтамалармен және олардың түрлерімен, маңыздылығымен таныстыру. Ісшара барысында кітапханашы балаларды кітапхана қорындағы анықтамалар және энциклопедиялармен таныстырып өтті. |
Жас бүлдіршіндердің назарына әртүрлі энциклопедиялар, анықтамалар және «Мен әлемді танимын», «Барлығы туралы», «Ол кім? Бұл не?», «Менің алғашқы энциклопедиям» атты танымдық энциклопедиялар ұсынылды. Сондай-ақ «Сұрақ-жауап» ойынында балалар өздерінің әлем, табиғат, мемлекеттер және жалпы ғаламшар туралы өз білімдерін көрсетті.
Келулердің саны: 3276