«Чернобыль – дерек, Чернобыль - қасірет»

2016 жылдың 26 сәуірінде №13 ЖББМ 7-сынып оқушыларына кітапхана қызметкерлері Чернобыль АЭС-дағы апатқа 30 жыл толуына орай «Чернобыль – дерек, Чернобыль - қасірет» атты экологиялық сағатын өткізді. Мақсаты: жасөспірімдерде экологиялық мәдениет және адамзат алдында тұрған жаһандық мәселелерге қатысты белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру; апат құрбандарын құрметтеуге баулу. Балаларға планетамызға ядролық қауіп төндіріп, бүкіл дүниежүзін дүр сілкіндірген Чернобыль апатының адамзатқа келтірген зардабы туралы айтылды.    Оқушылар С.Алексиевичтің Чернобыль АЭС-дағы апат зардаптарын жоюға атсалысып, апатты өз көздерімен көрген қатысушылардың естеліктері жазылған «Чернобыльская молитва» атты кітабынан үзінділер оқылғанда, мұқият тыңдады. Содан соң жасөспірімдерге  апат қасіретін және адамдардың ерліктерін паш ететін «Секунды до катастрофы» атты деректі фильмі көрсетіліп, аталмыш тақырыпқа арналған деректі және көркем әдебиеттерге (М.С. Одинецтің «Дни испытаний», Ю.Щербактың «Чернобыль», «Чернобыль: события и уроки» және т.б.) шолу жасалды. Іс-шара соңында кітапханашылар сәуір айында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік бойынша Саммиттегі ҚР Президерті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі және еліміздің ядролық қаруға қарсы жүргізіп жатқан күресі туралы айтып, іс-шараны аяқтады.

 


Келулердің саны: 4808