"Асыл арман" – шығармашылық жұмыстар байқауы
Біреулер әрбір жазылған кітаппен мақтанса, мен оқыған кітабымды мақтан етемін!
№4 Отбасылық оқу кітапханасы балалар әдеби шығармашылығының байқауын жариялайды
БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ
Қымбатты дос!
Сені «Көк жол сандықтың саяхаты» жобасына қатысуына шақырамыз. «Көк жол сандық» Қазақстанның барлық аймағына саяхат жасап, бүгінгі таңда біздің кітапханамызға келіп жетті. Онда сен қызықты кітаптарды таба аласың. Байқауға қатысу үшін, «Көк жол сандықтың» ішінен бір кітапты оқып, ол жайлы шағын шығарма жазуын керек немесе бір немесе бірнеше номинация бойынша шығармашылық тапсырмаларды орындау қажет:
- «Нағыз, нағыз, нағыз...КІТАП!» – оқыған кітабың туралы (кітап кейіпкерлері, жазушысы, «Көк жол сандық» туралы), кітаптың сенде оятқан сезімі мен әсері туралы шағын шығарма жаз. Кітап кейіпкерлерін, оқиғаларын негізге ала отырып, әдемі бетбелгі жаса. Бұл кітап ең жақсы кітап екенін дәлелде.
- «Поэзия менің өмірімде» – әдебиеттің осы бір ғажап түріне деген сүйіспеншілігіңді бізбен бөліс – оқыған кітап туралы (кітап кейіпкерлері, жазушысы, «Көк жол сандық» туралы) өлең жаз.
- «Кітап кереметтер жасайды» – бұл тапсырма сенің барлық қиылыңды көрсете алуға мүмкіндік береді. Әртүрлі материалды (қағаз, картон, мата, ағаш, тоз, тұзды қамыр) қолдана отырып, кітап түріндегі кәдесый, ойыншық, әсем миниатюра жаса.
- «Жалғасы бар…» - автор болып, оқыған кітабыңның жалғасын жаз.
- «Менің кітап сөрем» – өзің оқитын кітаптарың, өз оқырмандық қалауларың, сүйікті авторларың, сенің кітап сөреңде тұрған кітаптар туралы әңгімеле.
- «Кітап оқиғасы» – сенің ойынша қызықты болған кітапты комикстер түрінде безендір.
Байқаудың шарттары
1. Байқауға 7-15 жас аралығындағы балалалар қатыса алады.
2. Байқауға әдебиеттің әр жанрындағы жұмыстар: пікір, ертегі, сүйікті кейіпкеріңе хат, эссе, оқырман күнделігі т.б. қабылданады.
3. Көркемөнер және қолданбалы жұмыстарды әртүрлі техникада орындауға болады (сурет өнері, графика, аппликация, кестелеу, ағаштан ойма жасау т.б.).
4. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.
5. Жұмыстар 2015 жылдың 24 ақпанынан 12 наурызына дейін қабылданады.
6. Берілген мерзімнен кеш келген байқау жұмыстары қарастырылмайды.
Жұмыстарды рәсімдеу тәртібі
- 1- бет (титул) байқауға қатысушы туралы мәліметтерді қамтиды:
- жұмыс атауы,
- аты-жөні, жасы (неше жаста екенін көрсету),
- үйінің мекен-жайы, телефоны,
- оқу орны.
• 2-ші және кейінгі беттері - текстік материал.
• Суреттер А4 форматындағы сурет қағазында орындалуы тиіс.
Байқау қорытындысы
- Жеңімпаздар мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталады.
• Үздік шығармашылық жұмыстар БАҚ, Саран қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтында жарияланады.
Шығармашылық жұмыстарыңызды төмендегі мекен-жай бойынша күтеміз:
Ленин даңғылы, 1
№ 4 Отбасылық оқу кітапханасы
cgbbsch4@mail.ru
Тел. 2-65-72
Келулердің саны: 4265