2020 ж. "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы
Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге, оқып-білуге деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы комиссиясының шешімі бойынша 2020 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей оқу үшін Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы ұсынылып отыр.
Келулердің саны: 1460