"Қазіргі заманғы мемлекеттің стратегиялық міндеттері"
2020 жылғы 22 қаңтарда №2 ООК қызметкерлері "Аленушка" балабақшасының ұжымына өткізген "Қазіргі заманғы мемлекеттің стратегиялық міндеттері" атты талқылау сағаты барысында 2019 жылғы 2 қыркүйектегі ҚР Президентінің "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жаңа Жолдауында айтылған мемлекеттік және әлеуметтік өзгерістердің маңыздылығы туралы сөз қозғалды. Кездесуге қатысушылар рухани жаңғыру, ұлттық мәдени кодты сақтау, еліміздің тарихындағы маңызды тарихи даталар: Алтын Орданың 750-жылдығы, Қазақ хандығының 555-жылдығы және ұлы ағартушылар Әль-Фараби мен Абайдың мерейтойлары жайлы мәселелерді еске алып, талқылады.
Келулердің саны: 1337