"Туған жер – алтын бесігім"

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында, Саран қаласының Достық үйінде, Орталық қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Туған жер – алтын бесігім" атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы туралы бейнеролик көрсетіліп, мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін өмір сүруінің негізгі кезеңдері айтылды. Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан жетістіктеріне қосқан үлесі және оның жеке басының тарихтағы рөлі туралы бейнематериалдар көрсетілді.

Дөңгелек үстел барысында "Жас толқын" әдеби клубының мүшелері "Желтоқсан", "Желтоқсан алаңындағы жыр", "Еркіндігім" және т. б. өлеңдерін оқып, өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара соңы А.Құнанбаев атындағы СГТК студенті Бақыт Хамзаның орындауында "Армиян қоңыр" және Асылбек Енсеповтың "Балалық шақ" күйлерімен тәмамдалды.


Келулердің саны: 1497