"Менің бастауым - менің Отаным"

№3 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері "Менің бастауым - менің Отаным" ақпараттық-өлкетану жобасы аясында "Қазақтелеком" АҚ қызметкерлері үшін Саран қаласының 65 жылдығына арналған өлкетану кездесуін өткізді. Кездесуге қатысушылардың назарына кіші Отанымыз туралы және қаланың дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосқан адамдар туралы 10-нан астам әдебиеттер ұсынылды. Ұсынылған кітаптардың ішінде «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран», «Саран» фотоальбомы, «Табыстың 100 тарихы» атты жинақтары үлкен сұранысқа ие болды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға «Сүйікті қалам жайлы» бүктемесі берілді.

    

 

 


Келулердің саны: 1330