"БиблиоЗнайка" клубы аясында В. А. Осееваның "Әңгімелер мен ертегілер жинағының" жарыққа шыққанына 75 жылдығына арналған "Сиқырлы сөз" атты әдептілік әліппесі - кітапханалық сабағы
"БиблиоЗнайка" клубы аясында "Колокольчик" және "Малыш" б/б бүлдіршіндері үшін В. А. Осееваның "Әңгімелер мен ертегілер жинағының" жарыққа шыққанына 75 жылдығына арналған "Сиқырлы сөз" атты әдептілік әліппесі - кітапханалық сабағы өткізілді.
Балалар жазушының өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты; ол кісі өзінің бүкіл өмірін балаларға арнағаны, солар үшін жазғаны жайлы білді. Валентина Александровна балалардың қуанышты балалық шағы болғанын қалап, балаларды қайырымдылыққа, адалдыққа, өз іс-әрекетіне дұрыс баға бере білуге үйрететін таңғажайып оқиғаларды ойлап табатын.
Іс-шара барысында балалар "сиқырлы" сөздерді және мінез-құлық ережелерін еске алды. В. Осееваның "Сиқырлы сөз" атты өздері оқыған шығармасын талдап, жақсылық деген не және сыпайы болу оңай ма деген сұрақтарды талқылады. "Сыпайылық түймедағын" балалар әр сөзді айту арқылы тақтаға ілді.
Сабақтың соңындағы, «Мархабат», "Сыпайы сөздер сөздігі" атты назар аударатын ойындар - өткен материалды бекітті.
Келулердің саны: 1692