«Кітап – менің жақын досым»

№2 ООК қызметкерлері балаларды кітап оқуға баулу мақсатында №16 ЖББМ 2 «Б» оқушыларына «Кітап – менің жақын досым» кітапханалық сабағын өткізді. Балалар негізгі анықтамалық аппаратпен - алфавиттік және жүйелік каталогпен, өлкетану картотекасымен танысып, ЭК кітапты қалай іздеу керектігін көрді. Балалар Ш. Перро, Х. Андерсен, С. Аксаков және т.б. ертегілері бойынша "Әлемнің ұлы ертегілері" викторинасына қатысты. Сонымен қатар "Кітап емханасына" келіп,кітаптарға ұқыпты қарау ережелері туралы білді. Оқушылар кітапханаға келіп, кітаптарды «емдеуге» көмектесуге дайын екендерін айтты.


Келулердің саны: 2185