«Менің өлкем» өлкетану үйірмесі аясында Саран қ. 65 жылдығына арналған «Мен өз жерімнің ұлымын» атты өлкетанулық портрет кеші

"Менің өлкем" ("Мой край") өлкетану үйірмесінің аясында №1 ООК-да №1 мектеп – лицейінің 9 сынып оқушылары үшін "Мен өз жерімнің ұлымын" атты өлкетанулық портрет кеші өткізілді. Іс - шара Саран қаласының бір көшесінің атауы берілген тамаша тұлға, Саран қаласының Құрметті азаматы - Қабыш Жәкенұлы Жәкеновты еске алуға арналған. Жоғары сынып оқушылары Саран қаласының пайда болу тарихын және біздің қаламыздың 65 жылдық мерейтойы туралы білді, бұл атаулы дата тағы бір маңызды оқиғамен - құрметті азамат К. Ж. Жәкеновтың 110 жылдығымен тұспа – тұс келді. Қатысушылар К. Ж. Жәкеновтың өмірбаянымен танысты. Қаланың дамуына ол кісінің қандай баға жетпес үлес қосқанын, адал және әділ адам болғанын білді. Сонымен қатар «Оның атымен көше аталған» тарихи жобасында зерттеу жұмысын жүргізген №1 ЖББМ тарих пәнінің зейнеткер мұғалімі, ардагерлер кеңесінің мүшесі Е. А. Рейслер сөз сөйледі. Портрет кеші қатысушыларының назарына осы тақырыпқа арналған көрме мен бүктемелер ұсынылды. Іс-шара соңында кітапханашылар барлық қатысушыларды К. Ж. Жәкеновтын пилонына гүл шоқтарын қоюға шақырды.


Келулердің саны: 2154