«Мобильді, белсенді, креативті»

Жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша "Денсаулық – салауатты өмір салты!» волонтерлермен жұмыс бағдарламасы аясында №1 мектеп-лицейінің жоғарғы сынып оқушылары үшін "Арыстан" күрес клубында жас кәсіпкер, қол күресінің жаттықтырушысы Б. Т. Ермағамбетовпен "Мобильді, белсенді, креативті" атты кездесуі өткізілді. Берікбол Төлешұлы жауынгерлік өнер денсаулықты жақсартуға және рухани күшті нығайтуға көмектесетінін айтты. Қол күресінің пайдасы мен ерекшеліктері, өзін қалай ынталандыру, жаттықтырушыға сену, өзін-өзі ұстай білуді үйрену туралы да айтып кетті. Балалар өз кезегінде жаттықтырушыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Берікбол Төлешұлы клубқа экскурсия өткізіп, өздерінің шәкірттері, жеңістері мен сәтсіздіктері туралы айтып, қол күресіне қатысқысы келетіндерді қатарларына қосылуға шақырды.

 


Келулердің саны: 1787