"Туған тілім – айбарым, мақтанышым!"
Қазақстан халықының тілдері күнін мерекелеу қарсаңында №2 ООК қызметкерлері №16 ЖББМ 9-сынып оқушыларына "Туған тілім – айбарым, мақтанышым!"атты әдеби қонақжайын өткізді. Іс-шара барысында ана тілінің рөлі талқыланып, ұлы адамдардың туған тілі туралы жазған өлеңдері мен нақылдары, дәйексөздері оқылды, "Сен білесің бе...?" викторинасы ойнатылды. Тіл білімі бойынша жаңа кітаптарға жасалған шолу кезінде балалар тіл мәдениетін арттыруға және олардың білімін нығайтуға көмектесетін түрлі сөздіктер және басылымдармен танысты. Балалар қазақ әліпбиін латын қарпіне ауыстырудың маңыздылығы туралы өз пікірлерін айтты, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі және шығармашылығымен танысты.
Келулердің саны: 1549