«Нұрсұлтан – Қазақстанның жаңару символы"
Оқырмандарды Қазақстан астанасының тарихымен, дамуымен, жетістіктерімен және көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында 2-7 шілде аралығында ОҚК абонементінде "Нұрсұлтан-Қазақстанның жаңару символы" атты иллюстрациялық кітап көрмесі жұмыс істеді. Кітап көрмесіне елордамызға арналған 10-нан астам кітап қойылды және ұсынылған әдебиет оқырмандарды астананың тарихымен таныстырып, Елбасы Н.Назарбаевтың ерен еңбегі туралы баяндайды. Бүгінде астана Тұңғыш Президенттің стратегиялық бағыты жетістігінің символына айналғаны, сөзсіз. Н.Ә.Назарбаевтың «Астана Еуразия жүрегінде» атты кітабы, «Астана тарихы» оқу құралы, В. П. Патраковтың «Астана – начало Евразии», С. Түгелдің «Астана хикаялары» кітаптары оқырмандарды қала тарихымен таныстырады. Астананың сәулеті мен көрікті жерлері туралы оқырмандар «Жан жүрегім - Астана», «Астана» (Акжолова Г., 2018), «Архитектура Астаны» ( Мамырбаев Б., 2018), «Астана суретшілер көзімен (Құраст.:Казанкапов Ж., Какенулы Ж., 2018), «Астана: монументы и скульптуры» (Құраст.:Болатулы Б., 2018) сияқты басылымдардан көптеген мәліметтер алды. Сондай-ақ, келушілер елорда туралы өлеңдер оқып, Нұр-Сұлтан қаласында болғандар өз әсерлерімен бөлісті.
Келулердің саны: 1952