Туған жерім-тұнған шежіре
Жастарды қазақ халқының айтыс өнерімен байланысты салт-дәстүрлерін насихаттау, халықтық өнерді ұлықтау, сөз өнерінің сұлулығын дәріптеу, Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында мамырдың 15 – ші жұлдызында ОҚЖ коворкинг орталығында Саран қаласының 65 жылдығына және Жастар жылына арналған «Туған жерім-тұнған шежіре» атты жастар арасында алғашқы рет айтыс өтті. Іс-шараның қонағы саясаттанушы, «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚМ Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушысы Мустафин Серік Қамзеұлы айтыстың шымылдығын ашып, жастарға бата беріп, ақ жол тіледі. Сонымен қатар Саран қаласына арналған «Сүйікті қалам - Саран» бейнеролигі көрсетілді. Айтысқа А.Құнанбаева атындағы СГТК студенттері: Төкен Н., Сәулет С., Мәлік Е. және №4 ЖББ мектептің 10 - сынып оқушысы Айдын О. қатысты.
Айтыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге Серік Қамзеұлы жас айтыскерлерге алғысын білдіріп, тәтті сыйлықтарын тарту етті. Кітапхана қызметкерлері өз кезегінде барлық қатысушыларға ыстық бауырсақтардан дәм татырды.
Келулердің саны: 1713