Отан қорғау – азаматтық парыз
Аталмыш шараның мақсаты: Бейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштер туралы түсінік беріп, Отан қорғау ісі ең басты міндеттері екенін ұғындыру, жас оқырмандарды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ұштау. Қастерлі Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республикамызда елдік рух, патриоттық тәрбие ең маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қолға алынды.Әскери адамдарға деген ерекше құрмет пен ілтипат көрсету – мемлекет пен әрбір азаматтың міндеті. Іс-шара барысында Отан қорғаушылар мерекесінің тарихымен таныстырып, басты әскери шерулер туралы «Шерулер жылнамасы» атты бейнекөрсетілімі көрсетілді.
Келулердің саны: 2432