Жастар жылы
2018 жылдың 5 қазанында Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Тиісті Жарлыққа 2018 жылдың 14 қарашасында қол қойылды.
2019 жылғы 23 қаңтарда Астанада ЭКСПО аумағындағы "Нұр Әлем" павильонында Жастар жылының ашылу салтанаты өтті.
2019 жылғы 30 қаңтарда "Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 27 қаулысына қол қойылды.
ҚР қоғамдық даму министрлігінде «Жастар жылының бекітілген логотипі жыл сайынғы көші-қон кезіндегі тырналардың ұшуын білдіреді. Ұшудың бұл тәсілі- үлкен құстарға энергияны көп қажет ететін қашықтықты еңсеруге мүмкіндік береді. Ұшу барысында әрбір құстың қанатының соңында әуе кептелісі пайда болады, осының арқасында құстар жинақыланып, бірлескен қимылдың арқасында қосымша көтерілу күшіне ие болады» - деп, атап көрсетті.
Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген. Мысалға, сары түс - позитивті энергетиканы, мерекені, күннің нұрын, көгілдір түс - кеңшілдікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді. Көк түс- рухани тазалық мен кемелдікті, қызғылт-сары түс - тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы болып табылады.
«Мен көріп отырған қазақстандықтардың жаңа буыны – Қазақстанның орасан зор жетістігі, Мемлекет басшысы ретіндегі менің жұмысымның нәтижесі», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Келулердің саны: 9475