«Жақсы кітап – жан азығы»
Көктемгі демалыстың соңғы күні Ақтас к. №2 ООК оқу залының БиблиоАртКафесінде балалар керемет мереке – Халықаралық балалар кітабы күніне арналған «Жақсы кітап – жан азығы» атты кезекті кездесуіне жиналды. Балалар қызығушылықпен ертегілер тыңдап, А.Бартоның өлеңдерін оқыды, өздерінің сүйікті кітаптарын: В.Катаевтың «Жеті түсті гүл жапырағы», В.Драгунскийдің «Денистің әңгімелері», Э.Успенскийдің «Қолтырауын Гена және оның достары» және т.б. естеріне түсірді. «Жақсы сөз – жарым ырыс» ойынында бір-біріне жылы сөздер айтып, «Қайырымдылық жолымен» әнін орындады. Кітап пен кітап оқуға арналған бұл мереке балаларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Келулердің саны: 7297