"Парасаттылық иелері"

    8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, "Собеседница" клубы аясында Орталық қалалық кітапхананың коворкинг орталығында жастар мен аға ұрпақтың өзара қарым-қатынастарын нығайту, бірлесіп бос уақытты ұйымдастыру, шығармашылық белсенділікті қалыптастыру мақсатында Қазақстан тұрғындарының ерекше санатына жататын көп балалы аналарға арналған "Парасаттылық иелері" атты шығармашылық конференциясы өткізілді.

Іс-шараға клуб мүшелері және конференция қонақтары А. Барабаш, Е. Машкова, Н. Смусенко, сондай-ақ Абай атындағы СГТК оқытушысы, көп балалы ана Г. Ибраева қатысты.

Іс-шара барысында Е. Машкова мен А. Барабаш қатысушылардың назарына өз қолдарымен жасаған бұйымдарын ұсынды, сондай-ақ ілмектермен тоқу бойынша мастер-класс көрсете отырып, жастармен өз кеңестерімен бөлісті. Ал көп балалы ана Г. Ибраева мықты отбасы мен ана бақытының құпиясымен бөлісті.

     

Келулердің саны: 6549