Нокинки литературы 2019
Әшімбаев С. Шығармалары. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2018. Өмірден ерте кетсе де артында мол рухани мұра қалдырған белгілі әдебиет сыншысы, мемлекет және қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың үш томдық шығармалар жинағының бұл үшінші томына негізінен 45 дәптерден тұратын күнделіктерінен алынған жүректен шыққан жазбалары мен саңлақ сөздері және сыншы шығармашылығы жайындағы мақалалар, естеліктер мен эсселер топтастырылған
|
|||||||||
Сарай Ә. Шығармалары.-Астана: Фолиант, 2018. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қарымды қаламгер Әнес Сарайдың он жеті томдық шығармаларының екінші томында «Еділ бойы саздары» повесі мен бірнеше әңгімелері топтастырылды. Жазушы өткен ғасырда қазақтың атақонысы болған Астрахандағы аз халықтың тіршілік тынысын, өмір өрісін шынайы суреттеген. Тілі көркем, ойы анық шығармалар көпшілік оқырманға арналған |
|||||||||
Сүлейменов, А. Екі томдық шығармалар жинағы. І том. Повестер мен әңгімелер. Ой-толғамдар / А. Сүлейменов. – Алматы : Айғаным, 2018. Көрнекті жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің (1938 - 1992) бұл жинағына прозалық шығармалары - ел тәуелсіздігі үшін толассыз күрестің шешуші бір кезеңі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің көркем фәлсәфасы, өзгеше бір зерделемесі «Бесатар», Біржан сал ғұмырының кей тұстары негізінде өнер адамының асқаралы парызы, енер мұраты, елдік мұрат туралы ой қозғап, Ұлттық идеяға шығатын «Адасқақ», замандастар өмірінен жазылған «Ситуация» повестері мен «Ақ кемпір», «Қара шал» әңгімелері берілген. Том соңында суреткер прозасын, ондағы философияны талдайтын материал мен мақала бар. А. Сүлейменовтің терең ойлы, аса көркем, «ұлттық тілдің өткені мен бүгінін жалғастырушы алтын көпір», шешен тілді шығармалары қалың оқырманның игілігіне қызмет ете беретіні анық. |
|||||||||
Тарази Ә. Шығармалары / Ә.Тарази.-Астана: Фолиант, 2018. «Көк Аспанда қырағы көз бар» атты бұл кітапқа көрнекті қаламгер, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әкім Таразидің бірнеше роман, әңгімелері топтастырылған. Жазушы қаламынан туған шығармалардың тілі шұрайлы, ойы орамды. |
|||||||||
|
Елдес Омарұлы шығармалары. 1-том. - Алматы: - «Лұғат» қоғамдық қоры. - 2018. Бұл томға Е.Омарұлының тіл білімінің түрлі мәселелеріне, жазу, емле, дыбыс, таңба, әліпби, тағы басқа да тақырыптарға арналған 31 мақаласы және «Синтаксис танытқыш» атты бұдан бұрын мүлде баспа бетін көрме- ген еңбегі еніп отыр. Қазақ жазуы мен емлесінің қалыптасуы, даму жо- лынан мол ақпарат, терең білім алғысы келген, мамандарға қазақ тілінің ғылыми синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисі туралы терең мағлұмат береді. Кітаптың тіл мамандарына, сондай-ақ ғалымдарға, зерттеушілер мен ізденушілерге берері мол. |
||||||||
Елдес Омарұлы шығармалары. 2-том. - Алматы: - «Лұғат» қоғамдық қоры. - 2018. Бұл томға Е.Омарұлының «Жер заңы», «Ақы заңы», «Лениннің ұлт мәселесі тақырыпты сөздері» атты аудармалары енді. «Жер заңы» Кеңес Үкіметінің алғашқы жылдардағы Одақтас Республикалар аумағында жүр- гізген жер саясатын нақты көрсетеді. «Ақы заңы» - Кеңес Одағы азамат- тарының экономикалық қарым-қатынасын реттейтін, олардың құқықтары мен жауапкершіліктерін көрсететін заңнамалық құжат. «Лениннің ұлт мәселесі тақырыпты сөзі» кітабында Ресейдегі Төңкерістен бұрынғы және Төңкерістен кейінгі ұлт мәселесінің жай-күйіне, сондай-ақ жаңа орнаған Кеңес Үкіметінің ұлт мәселесінде ендігі ұстанатын саясатының қалай болу керектігі көрсетілген. Аудармаларда түрлі экономикалық, саяси, заң терминдері қазақша берілген және қазақ тіліне икемделген. Аудармалардың зерттеушілер мен аудармашы мамандарға, сондай-ақ қалың оқырмандарға берері мол. |
|||||||||
Боранбаев Ж. Дүние дүрмек: Өлең-дастандар. Жарылқасын Боранбаев.-Алматы: «Жазушы» баспасы, 2018. Екі ғасыр - екі дәуір куәгері болған ақын Жарылқасын Боранбаев бұл күндері жетпіс жасқа толып отыр. Бұған дейін де оның «Жанартаулар», «Көктем тынысы», «Жаздың жылы жаңбыры», «Мәңгілік өмір», «Мазасыз маусым» т.б. жыр жинақтары мен «Бабай Түкті Шашты Әзиз», «Ысқак баб», «Қарабура». «Тарихи тұғыр», «Едіге», «Созақ көтерілісі», «Қара шаңырақ қалған жұрт», «Шығыс шайырларының соңы - Шәді ақын», «Тума талант - Саттар Ерубаевтың туғанына 100 жыл» т.б. тарихи-танымдық кітаптары жарық көрген. Елге кеңінен танымал «Қазақы дастарқаным», «Қоштасқым келмейді», «Сен екеуміз», «Неліктен» т.б. әндердің мәтінін жазған. Ол Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметқері». 2011 жылы «Қазақстан» телеарнасы ұйымдастырған Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған электронды дауыс беру арқылы анықталған жыр мүшәйрасының жеңімпазы, 2014 жылы 7 мартта Астанада өткен «Мәңгілік Ел» мүшәйрасының арнаулы сыйлығының жүлдегері. Бұл жинақта қаламгер еліміздің Тәуелсіздік алған жылдарындағы көңіл күйін бейнелейтін шығармаларымен қоса, қария көңіл көкжиегі- мен қарағандағы Уақыт, Тіршілік, Жаратушы, Ел-жұрт сияқты мәңгілік құбылыстар мен жаратылыстарға арналған ой-толғаулары және нәзік лирикалық өлендері берілген. Сондай-ақ, жинақта бұрын-соңғы аты көп аталмаған Созақ көтерілісінің сардары «Салықбай батыр» туралы толғауы да тәуелсіздік дәуіріндегі жаңаша көзқараспен жырланған. Жинаққа «Құлагердің қазасы» атты дастаны да енгізіліп отыр. Кітап барлық оқырман қауымға арналған. |
|||||||||
Тоқаев К. Шығармалары: ( 5 томдық роман) – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2018.
Көрнекті қаламгер Кемел Тоқаевтың бес томдық шығармалар жинағының 2-ші томына «Соңғы соққы» романы берілді. Туындыда Жетісу өңіріндегі жиырмасыншы жылдардың от-жалынға оранған күреске толы күндері кеңінен сипатталады. Ширыққан сюжетке құрылған кең ауқымды шығармада ел мен жер үшін күрескен тағдырлар тұлғасы дәуір мен деректің шындығы тұрғысында көркемдікпен суреттеледі. Сондай-ақ романның 3,4,5томдары бар. |
1 2
Келулердің саны: 7418