«Қарқынды даму бағдары» пресс шолуы

  2018 жылғы 27 желтоқсанда №1 отбасылық оқу кітапханасында ересек оқырмандар мен жасөспірімдер үшін Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы бойынша «Қарқынды даму бағдары» атты пресс шолуы өткізілді. Кітапхана оқырмандары Республика азаматтарының әл-ауқатының өсуі және тұрмыс сапасын арттыруға арналған, мемлекет алдында қойылған нақты міндеттерді түсіндіретін Президент Жолдауымен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен танысты. Мерзімді басылымдарда Президенттің алға қойған міндеттерін орындауға көп көңіл бөлінген: автомобиль жолдарының құрылысы, орта және кіші бизнесті дамыту, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жетілдіру, білім беру және ғылымды, жоғарғы және орта арнайы білімді дамыту.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында қарапайым халықтың арманы және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне деген шынайы қамқорлық танытылған.

 

 

         
             

Келулердің саны: 6599