Информационно-разъяснительная встреча
Елбасының 05.10.2018 жылы жарияланған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»атты Жолдауы бойынша Орталық қалалық кітапханада орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
«ОКЖ» КММ директоры Л.Мартель кіріспе сөзінде «Жолдауда әлеуметтік сипат айқын көрінеді. Бұл құжатта мемлекет Басшысы соңғы кезде қазақстандықтарды алаңдатқан өзекті мәселелерді, сондай-ақ олардың шешімі бойынша нақты шараларды қарастырған. Елбасы Жолдауы – әрбір қазақстандықтар үшін уақыт талабына сай өзекті сын-тегеуріндерін көрсететін және олардың шешілу жолдары бойынша нақты іс-шаралар жоспарын белгілейтін іс-әрекеттерінің нұсқауы»,-деді. Кітапханашылар талқылауға белсене атсалысып, Президент идеяларын және қойылған міндеттерін қолдайтындарын білдірді.
Келулердің саны: 7965