«Конституция – еліміздің басты заңы

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – еліміздің ең басты мерекесі. Бұл мереке қарсаңында ОКЖ кітапханашылары Саран қ. МҮ кіші залында қоғамдық ұйымдар өкілдері, БАҚ өкілдері, мәдениет қызметкерлері, ардагерлер және қала жастары үшін «Қазақстан Конституциясы: жетістік жолы» атты қалалық оқырмандар конференциясын өткізді.

Іс-шара «Конституция – еліміздің басты заңы» атты бейнеролик көрсетілімінен басталды. Ары қарай «Қазақстанның даму кезеңдері» тақырыбында гуманитарлық ғылымдар магистрі, №17 ЖББМ тарих мұғалімі Н.В. Максименко баяндама жасап, Конституцияның қазақстандықтарды шоғырландырудың құқықтық құралы ретіндегі рөлін белгіледі. 

Қатысушылардың назарына «Қазақстан Конституциясы: жетістік жолы» атты ашық кітап көрмесі ұсынылды. Кітапханашылар Мемлекеттің басты заңының маңыздылығы, рөлі мен мәні туралы айтты.

Қазақстанның жетістіктерге жетуі еліміздің конституциялық дамуының сындарлы концепциясы негізінде мүмкін болды, оның авторы жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін салушы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев. №3 кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы М.Г. Голикова Мемлекет Басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын ұсынды, қатысушылардың назарына аталған кітап туралы бейнеролик көрсетілді. Осы орайда, конференцияға қатысушы оқырмандар Мемлекет Басшысының кітаптары туралы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

«Астана – жаңа ғасыр астанасы!» республикалық конкурсында 20 дарынды авторлар қатарына енген Т.В. Стрельчук, өзінің Президент туралы, «Алтын қауырсын» конкурсының жеңімпазы Т.А. Кучеренко Астана туралы өз шығарған өлеңдерін оқыды.

«НұрОтан» партиясы Саран қалалық филиалының төрағасы Н.С. Тәжібаева қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, салтанатты түрде партиялық билеттер ұсынды.

Іс-шара соңында кітапхана оқырмандары мен кітапханашыларының мерекелік құттықтау бейнеролигі көрсетілді.

 

 

Келулердің саны: 6958