Кітапханашылардың кәсіби білімі: кітапхана дамуының шешуші факторы
27 шілде күні «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №1 Отбасылық оқу кітапханасында кітапхана қызметкерлерінің «Кітапханашылардың кәсіби білімі: кітапхана дамуының шешуші факторы» тақырыбында семинар өтті. Семинар бағдарламасында кеңестер, әдістемелік ұсыныстар беру, кәсіби хабарламалар жасап, тәжірибемен алмасу көзделді. |
Семинар жұмысын «Саран қ. ОКЖ» КММ-нің директоры Л. Мартель ашты. Өз сөзінде ОЖ кітапханалар дамуының басты бағыттарына тоқталды.
Семинарға «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ-нің әдіскері Б.Ө. Жарылғапова қатысты. «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» тақырыбында баяндама жасап, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу кезеңдері жайлы айтты.
Семинар жұмысын ОҚК әдістемелік бөлімінің әдіскері Т. Панкратова жалғастырып, «Қазақстанда библиографиялық үрдістерді автоматтандыру» жайлы ақпарат берді.
Кітапханалық үрдістерді автоматтандыру секторының меңгерушісі А. Акшалакова Web-РАБИС жаңа бағдарламалық жасақтаманың мүмкіндіктері туралы айтып, әріптестеріне аталмыш бағдарламаның жұмысы жайлы таныстырылым слайдтарын ұсынды.
Кітапханалық қызметкерлерге арналған басқа да өзекті мәселелер қозғалды. Олар:
ОҚК қорды қалыптастыру және каталогтеу бөлімінің бас редакторы В.Толмачева Әмбебап ондық жіктеу кестесі бойынша түсініктемелер мен әдістемелік кеңестер берді.
ОҚК оқу залының аға кітапханашысы О. Лаухина Гоголь атындағы ОӘҒК ұйымдастырған «Құжаттарды ӘОЖ – бүгінгі таңның мәселесі» семинар-практикумына қатысқаны жайлы шығармашылық есеп дайындады.
ОҚК аға кітапханашысы Г. Ханафина «2018 жылдың мерейгер жазушылары» тақырыбында таныстырылым әзірледі. Семинар соңында кітапхана қызметкерлері «Өзіңді тексер» тестілеуіне қатысты.
Қатысушылардың пікірінше, семинар жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылып, ашық диалогке тартып, позитивті көңіл күй сыйлады. Аталмыш іс-шарлар әрқашан маңызды және өзекті болмақ.
Келулердің саны: 8391