Фэнтази – град

Саран қаласындағы Мәдениет үйінің алаңында балаларға арналған шынайы кітапханалық Фэнтези-град ұйымдастырылды. Бұл жерде балалар бес құпия бөлмеге кіріп, құпияның сырын ашып, сол үшін марапатталуға мүмкіндік алды.

            Бірінші «Кітапқұмарлар магистериумы» бөлмесінде балаларға сайыстар мен әдеби викториналарға қатысу ұсынылды. Сиқырлы сандықтан балалар сұрақтар алып, әр дұрыс жауабы үшін «Оқу магистрі» белгішесін алды. Кітапхана қызметкерлері балалармен әдеби және ертегі кейіпкерлері, қазақ, орыс, шетел жазушылары бойынша әдеби викторина өткізді. Ребустар мен кроссвордтардың жауабын тапты. Белсенді қатысқандары үшін балалар тәттілер мен балмұздақтар алды.

            Екінші «3D Fentasy club» деп аталатын бөлмеде балаларға «Оригами – қағаздан жасалған бұйымдар» мастер-класы ұсынылды. Қыздар 3Д көбелектер, ұлдар өздеріне фэнтези кейіпкерлерінікіндей тырнақтар жасады. Бұл бөлменің ең жас қатысушыларына өздері жақсы көретін ертегі кейіпкерін бояу ұсынылды.

            Келесі бөлмеде баларды «Әдеби қазына іздеу» квест ойыны күтіп тұрды. Балаларға ертегінің басты кейіпкері – Буратино барған ертегілер жерлеріне саяхат ұсынылды. Алтын кілт жолдың соңында болатын. Оған жету үшін алдымен Қуыршақтар театрына, «Үш шабақ балықтың» асханасына, Ақымақтар еліне, Ғажайыптар даласына, Жұмбақ олжалар тоғанына барып, Карло әкейдің тар болмесіне жету керек еді.

           Әлбетте, кез келген кітапханада сияқты балалар кез келген кітап немесе журналды оқып, демалатын «Демаламыз, оқимыз біз, жазды бірге өткіземіз!» кітаби-журналды кітап көрмесі бар релакс бөлме ұсынылды. Ия, суреттер! Суреттер елдің ойлары мен көңіл күйлерін жаулап алған. Инстаграм, әлеуметтік желілерді қатысушылардың жеке суреттерісіз елстету мүмкін емес. Біздің жас фотоқұмарларға әрқайсысы біздің кітапханалық Фэнтези-градта керемет өткізген күні жайлы естелік болуы үшін суретке түсе алатын «Кітаппен көңілдімін» фото аймағы ұйымдастырылды.

 

 

 

 

     
         
     

 

 

 

 

 

 

 


Келулердің саны: 7408