Латын әліпбиі – болашақтың кілті»

Іс-шараның мазмұны және құрамды бөлігі: 2018 жылдың наурыз айының 16 жұлдызында ЖББ №4 мектеп оқушыларымен «Латын әліпбиі – болашақтың кілті» атты іс-шара өтілді. Оқушыларға латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы мағұлмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру; Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу, тілге деген құрмет сезімін, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген іс-шараның маңызы өте зор болды. Жаңа әліпбиге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Мысалы, 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды дайындау басталады. Сондай-ақ мектептерге арналған оқулықтар дайындау ісі де келесі жылдан бастап қолға алады. Ал жаңа әліпбиге толық көшу 2025 жылға белгіленіп отырғаны жайлы айтылды.Тақырыпқа байланысты пікірлер білдіріліп,оқушылар өз ойларын ортаға салды.

   

Келулердің саны: 8716