«Сүйікті сиқырлы ертегілер»

   

2016 жылдың 28-ші қыркүйегінде «Сәуле» балабақшасының кішкентай бөбектеріне «Сүйікті сиқырлы ертегілер» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Бүлдіршіндерді ертегілерді тыңдауға, оны айта білуге дағдыландыру, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, ұлттық рухани білімдерін жетілдіру; тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, логикалық қабілетін, танымын дамыту.Көрмеге өте әсем суреттелген қызықты кітаптар қойылды. 

     

Кітапханашы көрмеге шолу жасап, бүлдіршіндерге ертегілер оқып берді, және сол ертегілер бойынша сұрақтар қойылды. Бүлдіршіндер жеті лақ ертегісінің кейіпкерлерімен танысып, рөлдерге бөліп сомдады. Сондай-ақ, ісшара барысында «Ертегі кейіпкерлері» атты викторина, «Жұмбақтарды шеш» ойыны ойнатылды. Балалар ісшараға белсене, қызығушылықпен қатысты.

       

 


Количество посещений: 4486