«Профессиональное образование»

                                                                 

Труспекова Х.

Жаңа заман сәулеті. Кітап-альбом.-Алматы: «Аспантау», 2018.

Өнер зерттеушісі, ғалым Халима Труспекованың бұл жинағына тәуелсіздік алғаннан кейінгі ширек ғасыр кезеңінде Қазақстанның сәулет өнер саласындағы жаңа жетістіктері жайлы мақалалары еніп отыр. Кітапта сонымен бірге еліміздің бұрынғы астанасы – Алматы қаласында және облыс орталықтарында салынған сәулет нысандары жайлы да кеңінен сөз болады.

     

Әденова Л., Қожағұлова Т.

Зергерлік өнер нақыштары.-Алматы: «Аспантау», 2018.

Бұл кітапта бастауын сонау көне замандардан, Сақ дәуірінен алатын қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ежелгі зергерлік өнерінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы, қыр – сыры жайлы әңгімеленеді.


 

     

Оразқұлова Қ.

Өмірдің алуан бояулары.-Алматы: «Аспантау», 2018.

Бұл жинаққа қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуы, дамуы, өткені мен бүгіні және болашағы жайлы танымдық мақалалар, фотосуреттер еніп отыр. Қазақ бейнелеу өнерінің де әлемдік көркемсурет өнерінің бір бөлшегі ретінде өзіндік мәнері, қолтаңбасы, ұлттық ерекшеліктері бар. Бұл кітапта қазақ бейнелеу өнерінің әртүрлі буын өкілдерінің сурет салу мнері, техникасы, тақырыптық, композициялық ерекшеліктері жайлы сөз болады.

     

Шахай Ш.

Жан жүрегім – Астана: «Сарыарқа» баспасы,2018.

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша биыл «Сарыарқа» баспасынан 2000 данамен шыққан «Жан-жүрегім – Астана» кітап-альбомы Шүкір Шахайдың көзі мен көңіліндегі Астананың даму тарихына арналған.

Астананың 20 жылдығына орай жарық көріп отырған кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шыққан. Елбасымыздың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарла­масындағы тапсырманың бірі елімізді әлемге таныту екені белгілі. Кітап-альбом­ның бұл орайда алатын орны да ерекше болып тұр.

Шүкір Шахай басқасын былай қойған­да, ескі тарихқа да жаңа көзбен қарайтын тұлғалардың қатарына жатады. Ол түсірген суреттерде нақтылық пен деректілік, болашаққа деген сенім, ыстық ықылас пен қажымас қайрат менмұндалап тұрады. Астананың 20 жылдық тарихына арналған альбом бүкіл еліміздің де даму тарихынан хабар береді. Сүйсінесіз, сүйінесіз. Бұл – біздің еліміз! Бұл – біздің Астана!

     

Астана – суретшілер көзімен.- Астана: Фолиант, 2018.

Елордамыз Астананың көз тартарлық көркем көріністері шығармашыл жандарға шалқар шабыт беріп келеді. Бас қаламыздың қалыптасыу мен дамуы, табиғаты мен тыныс – тіршілігі өлең – жырларда ғана емес, суреттің қыр – сырын меңгерген шеберлердің де қағаз – кенептерінде өз өрнегін қалдыруда.

Кітапта қылқаламды жанына серік еткен суретшілердің Астанаға арналған туындылары берілген.

     
   

Архитектура Астаны / Составитель Б. Мамырбаева. - Астана: Фолиант, 2018. -304 с.

За последние годы Астана изменилась, разрослась, особенно на левобережье. Ведущие архитекторы мира и местные таланты,вдыхая жизнь в безмолвный камень, создают стильный и современный мегаполис. Вместе с тем бережно сохраняются памятники архитектуры в старом городе, которые ничуть не уступают новостройкам в функциональности. И еслилюбуясь новыми зданиями, мы знако­мимся с текущими тенденциями развития архитектурной мысли, то прогуливаясь по улицам исторических кварталов, ощущаем дыхание эпох.Адресуется широкому кругу читателей
     

Астана: монументы и скульптуры.- Астана:Фолиант,2018.

Современная Астана удивляет разнообразием своих архитектурных и скульптурных форм. Строгие монументы, заставляющие задуматься о прошлом и будущем...Знаковые сооружения, напоминающие о вехах развития государства...Легкие фигуры декоративной скульптуры, оживляющие урбанистический ландшафт...Каждый найдет в этом городе что-то близкое для себя, что заставит его вернуться сюда
     
 

Бауыржан Момышұлы. Майдан жыры мен сыры = Бауыржан Момышулы. История одной книги [Мәтін] / Ж. Ыбыраев. – Алматы : ҚазАқпарат, 2018. - 380 б.

 қазақ және орыс тілдерінде = на каз. и рус. яз.

                          

Белгілі журналист, жазушы Жүніс Ыбыраевтың бұл жинағына қазақ халқының батыр ұлы, Ұлы Отан соғысында өшпес ерлік көрсеткен қолбасы Бауыржан Момышұлы жайлы деректі әңгімелері еніп отыр. Автор архивтік материалдарды ақтарып көп ізденіп, салмақты еңбек жасаған. Бұл кітаптың өскелең жас ұрпақтың

батыр Бауыржан бейнесін тани-білуіне, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға септігін тигізері даусыз.

В документальной повести журналиста Жунуса Ибраева «Бауыржан Момышулы. История одной книги» впервые систематизированы хранящиеся в Центральным госархиве республики фронтовые дневники, письма и выступления Б. Момышулы, которые отражают его непосредственное участие в создании известной теперь во всём мире книги о боях за Москву - повести Александра Бека «Волоколамское шоссе».

үйлестіре алуының, яғни шығармашылық зертханасының қыр - сырын тануға; тұлға ретінде қалыптасу жолдарын зерделеуге мүмкіндік береді

     
 

Астана: өлеңдер мен әндер.- Астана:Фолиант,2018.

Жиырма жыл ішінде әсем шаһарға айналып үлгерген бас ордамыз жан дүниесі нәзік шығармашылық иелерін қанаттандырып, оларға тың тақырып, жаңа серпін берді. Қара сөздің қайнарынан нәр алған ақындар ойлы да отты жырларымен арқа төсіндегі көрікті қаланы жырмен өрсе, композиторлар бас қаланы назға да сазға толы рухты әндерімен тербеді. Осы жылдар ішінде елорда туралы қаншама шырайлы, шынайы дүние­лер туды. Соның бір парасы осы жинаққа еніп отыр.

Кітаптың алғы сөзін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы жазыпты. Ол «Астанадай аймаңдай қаланың болашағына үлкен құрметпен қарау – ұлттың әр перзентінің қасиетті борышы! Соның ішінде ақынжүректі пенденің махаббаты бөлекше боларын ел біледі. Алты құрлық көз тігіп отыр­ған Алтын орданың заңды жалғасы, әлемге тарыдай шашыраған әр қазақ баласының арқасүйері, келешек ұрпақтың кемел болашағы ол – жалғыз тұғыр, жалқы шың – Астана болмаққа керек» деп төгілтіп жазыпты.

     
 

Салғараұлы Қ.

Өмірбаян туған күннен басталады.- Астана:Фолиант. 2018.

   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және Күлтегін сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ғалым әрі жазушы Қойшығара Салғараұлының бұл жинағына қазіргі таңда «түріктес», «түркітілдес» деп танылып жүрген халықтардың арғы ата – бабаларының естен өшкен ескі замандардағы тарихына қатысты әлем халықтарының мифологиясындағы тарихтық, тілдік деректерді және көне жазба мұралар берер мәліметтерді бүгінгі археология, лингвистика, генетика, тарих ғылымдарының жетістіктерімен сабақтастыра талдау арқылы осы кезге дейін айтылмай келген мәселелерге қатысты өзіндік жаңа, тың пайымдаулар жасайды.

 
     

Астана. Путеводитель.-Астана: Фолиант,2018.

Путеводитель по Астане освещает все нюансы поездки в столицу Казахстана. Из него можно узнать, как удобнее прибыть в Казахстан, как оптимально спланировать посещение Астаны. Достопримечательности Старого города и Левого берега, отели и рестораны, бары и кинотеатры -  все это будет легко найти гостю столицы с помощью этого издания.

Добро пожаловать в Астану!

     

2


Количество посещений: 7866