Заседание клуба

Туған жер – алтын бесік, ата қоныс, ақ мекен. Кіндік қаның тамып, әлпештеп өсірген, тұла бойыңа бар қасиеттісін сіңірген - өткен күнің, бүгінгі таңың, ертеңің. Сірә, бұл фәниде туған деген сөзден ыстық, жақын, қымбат ештеңе жоқ шығар...

Өз басшылығымен елдің әл-ауқатын түзеп, экономикасын көтеріп, ішкі және сыртқа саяси жағдайын бір ізге түсірген Елбасы қазақ елінің руханиятын назардан тыс қалдырған емес. Өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мазмұңы терең, мәні зор бағдарламасында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі –ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек»,- деп жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының негізгі тірегін атап берді. Елбасының бағдарламасын негізге ала отырып, өскелең ұрпақты елжандылыққа, өз туған жерін қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында 2017 жылы «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ жанынан «Бастау» әдеби-тарихи өлкетану клубы құрылған еді. 2018 жылдың ақпан айында аталмыш клубтың отырысы өтті. Отырыста клубтың мақсат-міндеттері мен қызметі айқындалып, 2018 жылға жоспарланған іс-шаралардың өткізілуі талқыланды. Клубтың төрағасы, политолог, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушысы, қаламыздың маңдай алды азаматы Мұстафин Серік Қамзеұлы жастарға тарих, әдебиет, өлкетану туралы баға жетпес мәліметтер беріп, өзі өмір бойы жинақтаған кітаптар топтамасына тоқталып, көп еңбектің түбі ғана жетістікке жетелейтінін және адам қалыптасып жетілуі үшін, сол адамның өз ой-пікірі үлкен орын алатынын айтты. Ұлттың ұлы мұраты – бүгінгіні сақтап, ұрпаққа қалдыру. Серік аға – баршамызға үлгі боларлық жан. Осындай шоқтығы биік ағамыз жетекшілік еткен шағын клуб, жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуге өз үлесін қосып, арнасын кеңейтері анық

 

     

Количество посещений: 1942