Қазақтың көмекей әулиесі-Бұқар жырау

   Қаңтардың 19-шы жұлдызында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің МД-9-16 тобының студенттерімен Бұқар жыраудың 350 жылдығына орай «Қазақтың көмекей әулиесі-Бұқар жырау» атты іс-шара өтілді. Қалқаманұлы Бұқар жырау - қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Бұқар жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г. Потанин, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, М. Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірген.  Студенттерге жыраудың шығармашылығы, толғаулары туралы бейнебаяндар  көрсетілді.Іс-шара соңында студенттерге сұрақтар қойылды. Өздері білетін жыраудың толғауларын айтты. 

     

Количество посещений: 3163