«Әлем таныған Әуезов»

       

   2017жылдың 28-ші қыркүйегінде Жалпы білім беретін №4 мектептің 9-сынып оқушыларымен қазақтың ұлы жазушысы, ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толу құрметіне арналған «Әлем таныған Әуезов» атты әдеби саяхат өткізілді. Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталдық. Әдебиеттің даму жолында өзінің ерекше қырларымен өшпес із қалдырған туындылары ғасырдан-ғасырға жетіп, қазіргі таңда өз өміршеңдігін жойған емес. Кемеңгер жазушыға арналған қазақ ақындарының өлеңдері, шетел жазушыларының пікірлері оқылып, «Мұхтармен мұңдасқанда», «Мұхтар аға», атты өлеңдерін 9-сынып оқушысы Лунара Әбеуова жатқа оқыды.Оқушылар өзара пікір алмасып, әдеби шарада түйген ойларын ортаға салды.Заңғар тұлғаның ғибратты ғұмыры туралы білген жаңалықтарымен бөлісті.


Количество посещений: 2922