Даланың дүлділі дана Жамбыл

         
   

Қыркүйек айының он бесінші жұлдызында, Саран қаласының «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қаламыздағы Жамбыл Жабаев ескерткішінің алдында асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабайұлына арналған «Даланың дүлділі дана Жамбыл» атты мерекелік шара өтті.

 

Жыл сайынғы дәстүрге айналған Жамбыл оқуларына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мәдениет ұйымының қызметкерлері, Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттері мен №4 орта жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.

Ісшара барысында кітапхана қызметкерлері Жамбыл Жабаевтың өмірінен сыр шертіп, студенттер мен оқушылар ән шырқап, би билеп, күй шертіп, сахналық көрініс қойып көпшіліктің ықыласына бөленді. Сондай-ақ, ардагерлер кеңесі ұйымының мүшелері Т.Кучеренко мен Е.Прохорова және «Жас толқын» клубының мүшелері Жамбыл жырларын мәнерлеп оқыса, №4 орта жалпы білім беретін мектептің оқушылары Жамбыл атаға арнауларын оқыды.

Соңында Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының әдіскер-оқытушысы – Д. Жупенова жиналғандарды мерекемен құттықтап, өткен ісшараға белсене атсалысқандарға ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыс етті.

 

         

 


Количество посещений: 3029