Мен алғыс айтамын!

2017 жылғы 1 наурызда №3 кітапхана бөлімшесінде «Алғыс айту» күніне орай оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында балалармен «Мен алғыс айтамын!» атты викториналық ойыны өткізілді.

         Бұл мереке Қазақстанда былтырдан бастап атап өтіліп келеді. Бұл күн -  қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімінің, достығының, сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болсын  деген мақсатпен бекітілген мереке. Іс-шара барысында балаларға осы мереке туралы жан-жақты түсінік беріліп, шаттық шеңбері арқылы балалар біріне-бірі жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтып, жүректен-жүрекке жеткізді. Жұмбақтар шешіліп, мақал-мәтелдер айтылды. Ісшара соңында «Автограф» ойыны арқылы балалар өзара алғыстарын, рахметтерін айтуды үйренді. 

     


Количество посещений: 3608