«Шәкәрім жүрген ізбенен»

№7 мектеп оқушыларымен «Шәкәрім жүрген ізбенен» атты іс-шара өтілді. Оқушыларға Шәкәрімнің өмірі, шығармашылығы туралы жалпы мағұлмат берілді. Ш.Құдайбердіұлы(1858-1931) – қазақ әдебиетінің классигі, ұлы гуманист, кемеңгер, тарихшы, философ. Жарты ғасырдан  астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің  қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді.Оқушыларға сұрақтар қойылып, бейнебаян көрсетілді.Іс-шара соңында оқушылар Шәкәрімнің білген өлеңдерін айтты.


Количество посещений: 2152