Аттестация 2021 ж.

2021 жылғы 29 қазанда "Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-де "Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №189 бұйрығына сәйкес кітапхана қызметкерлерін жоспарлы аттестаттау өткізілді.

Мемлекеттік азаматтық қызметкерлерді аттестаттациядан өткізудің негізгі мақсаты - кәсіби қызметтік іс-әрекетін бағалау негізінде қызметкердің атқаратын азаматтық қызмет лауазымына сәйкестігін айқындау.

Аттестаттау 2 кезең бойынша өткізілді – тестілеу және әңгімелесу.

Аттестаттау комиссиясына "Саран қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ басшысы, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының "Облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің" басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары кірді.

Аттестатталушылар ӘББ жетекшісінің м.а. сипатталып, комиссия мүшелеріне портфолио және өз жұмысы туралы ақпаратты презентация түрінде ұсынды, аттестаттау комиссиясының сұрақтарына жауап берді.

Аттестаттау қорытындысы бойынша барлық аттестатталған кітапхана қызметкерлеріне қатысты атқаратын лауазымына сәйкес келеді деген шешім қабылданды, жеке қызметкерлер үшін жұмысты жақсарту бойынша ұсынымдар берілді. Аттестаттау комиссиясының шешімімен кітапхананың 10 қызметкерінің біліктілік санаты арттырылды.

Қызметкерлерді аттестаттаудың жоғары нәтижелері қызметкерлердің дағдылары мен іскерліктерінің үнемі жетілдіріліп отыратынын айғақтайды.

  

  


Келулердің саны: 632