"Парасат жолы" орталығы

   «Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба.

 


                      Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері және «Парасат жолы» орталығының мүшелері zoom платформасында Абай атындағы ЖББМ 11-сынып оқушыларына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» атты патриоттық сағатын өткізді. Батырлар туралы слайд көрсетіліп, кітаптарға шолу жасалды. «Парасат жолы» орталығының мүшесі Мустафина Санди Далабайқызы Ұлы Отан соғысының ардагері өзінің атасы Көшербаев Мұқажан Әбілітайұлы туралы айтып берді.

         18 мамырда № 1 ООК-да  "Парасат жолы" жобасы аясында қазақстандық көрнекті ақын және жазушы, филолог, көрнекті қоғам қайраткері және саясаткер О.Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған "Данышпанда қонақта" атты мерейтойлық кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды О. Сүлейменовтың шығармашылығымен және қоғамдық қызметімен таныстыру; патриоттық сезім және азаматтық парызды тәрбиелеу.
Іс – шара барысында оқырмандар әлемдік деңгейдегі тұлға, дәуір ойшылы, ұлт мақтанышына айналған  ақын Олжас Сүлейменовтің өмір жолы және шығармашылығымен танысты.

 

 


Келулердің саны: 3266