«Кітап колубтерінің күні» атты кітапхана бойынша экскурсия

 

   

Балалар және жасөспірімдер кітабының апталығы аясында №2 ООК кітапханашылары №16 ЖББМ бірінші сынып оқушыларына «Кітап колумбтерінің күні» атты кітапхана бойынша экскурсия өткізді. Балалар кітап кемесімен бірге оларға қызықты әрі тартымды кітаптар ұсынған Білім аралына саяхаттады. «Ерте, ерте, ертеде...» ертегілер викторинасында өзара сайысып, ертегілер және ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін паш етті. Бүлдіршіндер кітапхана бөлімдеріне саяхаттап, кітапхана және кітап туралы қызықты мәліметтер алды. Қоштасар алдында балалар №2 ООК жас оқырмандары позитив апталығы кезінде толтыруға тиіс кітап және кітапханаға арнаған тілектерін туларға жазып, оны желкен ретінде кітап кемесіне сыйға тартты.  

 

     

 


Келулердің саны: 3043